Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар слайд,презентация

 

 

´Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің  артуы; халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің  пайда болуы; әлемдегі  әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде  саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың  шынайылығы арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.

Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның  саяси институттарының қызметі.
Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың  өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен  қамтамасыз ету;  сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін  қамтамасыз ету. 
Сыртқы саясатты  жүзеге асырудың  формалары: мемлекеттер арасында   дипломатиялық  қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде  немесе соған  мүше ретінде  мемлекеттік өкілдіктердің  ашылуы; мемлекет, партия  өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және  үнемі байланысты  жүзеге асыру.

       Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.
       Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың  өмірлік қажеттіліктері  қозғалады;  адамзаттың позитивті  дамуына қатер төндіреді;  өз шешіміне барлық мемлекет пен  халықтың ұжымдық  күш салуын талап етеді.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
Халықаралық қатынас  саласымен  байланыстылар: бейбітшілікті  сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің  экономикалық  артта қалу қиындықтарын жеңу,  халықаралық терроризммен  күрес.
Қоғам мен жеке адамның  өзара қарым – қатынасымен  байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының  маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.
Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен  байланысты: экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және дамографиялық.   

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (31.03.2015)
Просмотров: 2200 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]