Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Әлемдік бағалы қағаздар нарығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әлемдік бағалы қағаздар нарығы слайд,презентация

 

 

 

Әлемдік бағалы қағаздар нарығы көбінесе алғашқы бағалы қағаздар ретінде түсіндіріледі, себебі бұл нарық әлем бойынша өте жақсы дамыған және оның дамуы үшін қор биржаларды құру қажеті жоқ (туынды нарық). Бұл нарық тәуелсіз болып табылады. Глобальды мағынада бағалы қағаздар нарығы евровалюталардың және басқа да ұлттық бағалы қағаздардың әлемдік эмиссиясын білдіреді. 

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. 
Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:
 халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
 ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т.б.);
мемлекеттік және корпоративтік  (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Алғашқы бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік және муниципалды облигациялар эмиссиясынан, қаржылық және қаржылық емес акционерлік компаниялар шығарған акциялар мен облигациялардан құралады.
Алғашқы нарықтың негізгі инвесторлары болып коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке тұлғалар келеді.
Туынды бағалы қағаздар нарығы деп - эмитеттелген бағалы қағаздардың сату -сатып алуы жүретін орталықтандырылмаған немесе орталықтандырылған (қор биржалары) жүйелерін айтады. Орталықтандырылмаған бағалы қағаздар нарығының болуы олардың сауда стихиясын білдірмейді. Кішігірім акционерлік компаниялар шартты түрде өздеріне таныс кіші ортаға бағалы қағаздарын шығарады. Мұндай компаниялардың көбі коммерциялық банктердің брокерлік – диллерлік фирмаларына жүгінеді.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (31.03.2015)
Просмотров: 1488 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]