Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Халықаралық туризмнің дамуы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Халықаралық туризмнің дамуы слайд,презентация

 

 

КСРО Ғылым Академиясында жұмыс істейтін  кеңес географтарының мәліметтері бойынша, 1950 жылы әлемнің барлық елдерінде 25,3 млн шетелдік келуші тіркелген, ал 1968 жылы олардың саны 141 млн жетіп, бұл жер шары халқының 4%-ін құраған.
Батыс Еуропа елдерінде ХХ ғасырдың 50-60 жж. – бұл жаппай қонақүйлерді, мотельдерді, көңіл көтеру мекемелерін салу кезеңі. Еуропалық туризм американдық туристерді қабылдауға басым бағытталды және қабылдаушы ел үшін долларлық түсімдердің көзі болып табылды. 60-шы жылдар мен 70-ші жылдар ортасына дейін кіру және шығу туризмінің өсімі байқалды және туристік кәсіпорындар саны мен олардың өндіріс көлемінің өсуі де байқалды.

1950 жылы туристердің келу саны бойынша жетекші ел – АҚШ болды. 1970 жылы туристік келу саны бойынша біріншілікке Италия шықты. 1990 жылдан бастап,  шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы Франция болды. Франция ХХ ғасыр соңына дейін халықаралық туризмде көшбасшы болды.
Тура ХХ ғасырдың соңында туристік қызметтер экспортынан түскен жалпы әлеуметтік түсімдер салыстырмалы жоғары көрсеткіштерге жетті. 1998 жылы туристік қызмет экспортынан түскен жалпы әлемдік түсімдер 560 млрд АҚШ долларын құрады.

ХХ ғасырдың соңында АҚШ халықаралық туризмнен түскен табыс бойынша көшбасшы болды. 1999 жылғы түсімдер 74,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2000 жылы – 95,2 млрд доллар болды.
2000 жылдан бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы 10 елдің қатарына РФ кірді. Онда 1999 жылы 18,5 млн адам келген. 2000 жылы бұл цифр 21,2 млн адамға жетті.
БТҰ-ның статистикалық мәліметтері 2000 жылы халықаралық туризмдегі келу бойынша Еуропаның үлесі 58% құрағанын, ал халықаралық туризмнен түскен түсімдер үлесі тек 48% болғанын көрсетеді. Бұл шетелдік туристерге қызмет көрсетудің тиімдірек жүйесі АҚШ-та екенін көрсетеді.

БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері круиздер, конгрестік туризм, тематикалық парктер, қала туризмі, мәдени туризм, қызық оқиғалы және спорт туризмі, жағажай демалысы болатынын анықтады. 2020 жылға қарай әлемде туристік келу саны 1561,1  млн адамды құрауы тиіс деп болжайды. Қазақстан үшін бұл кезде әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері қызықты оқиғалы және спорт туризмі болып табылады.
2020 жылға қарай жалпы келу көлемімен арақатынастағы аймақаралық туризмнің үлесін бөлу былай анықталады: Оңтүстік Азия – 85%; Таяу Шығыс – 63%; Африка – 43%; Америка – 38%; Еуропа – 15%.

2020 жылға қарай туристік нарықтың маңызды сегменттері мыналар болады: күн және жағажай; спорт туризмі; қызық оқиғалы туризм; табиғи туризм; мәдени туризм; қала туризмі; круиздер; ауыл туризмі; тематикалық парктер; конгрестік туризм; ұзақ сапарлар; арнайы сегменттер; аралас сапарлар; спорттың қысқы түрлері; спорттың судағы түрлері.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (20.04.2015)
Просмотров: 1367 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]