Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Кездейсоқ сигналдар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Кездейсоқ сигналдар слайд,презентация

 

 

Кездейсоқ сигналдар слайд,презентация

 

Информацияның шығу түрлерінің жаратылысына, тасымалдау жолдарының түрлерімен тасымалдау әдістеріне және қабылдау орындарының сипаттамаларына байланысты ақпарат түрлендіріп ауыстыру, бір рет қана емес, бірнеше рет болуы мүмкін. Байланыс жолымен таратылып жеткізілетін информациялар сигналдарға айналдырады. Сөйтіп информацияларды тасушы сигнал болады.
Кездейсоқ сигнал-уақыт бойынша және кеңістікте белгілі заңдылықпен өзгермейді және оның параметірлерін қалаған уақытта белгілі заңдылықпен анықтауға болмайды. Кездейсоқ сигналды, егер информация тасымалдайтын болса, сигнал деп қарап, ал егер тасымалданбайтын болса бөгеулік ретінде қараймыз.Кездейсоқ сигнал 2 басты класстарға бөлінеді.
Кездейсоқ сигнал кезінде өзгеретін математикалық модельді «кездейсоқ процесс» деп атауға болады. Жалпы байланыс теориясын зертттеу тәсілдерінің негізінде, уақыт бойынша дамитын кейбір кездейсоқ процесс ретіндегі хабарды тарату процессі жөніндегі көрсетілу жатыр. Кездейсоқ  сөзі алдын-ала процестің нақты таралуын болжау мүмкін еместігін көрсетеді. Анықтау бойынша кездейсоқ процесс X(t)-бұл кез-келген t уақыт мезетінде қабылданатын мәндер кездейсоқ шамалар болып табылатын ерекше түрдегі функция. Сонымен бірге, таралу процесінде сигнал кездейсоқ сипатқа ие әртүрлі адетивті бөгеуілдердің әсеріне шалдығады. 
Мысалы: атмосфера электрлік разряд түрінде,электрлік  транспорттың бөгеуілдері, басқа радиостанциялық бөгеуілдер және т.б. Процестің кездейсоқтылығы X(t) бақыланатын функцияның түрі бір бақылаудан басқасына кездейсоқ ауысатындығымен көрсетіледіСуретте кездейсоқ процестің төрт таралуы көрсетілген. Егер графиктен кездейсоқ функцияның X (t) көптеген таралулар мезетін таңдасақ, онда көптеген таралу мәндері осы мезетте кездейсоқ шама құрайды. Бұл кездейсоқ шаманың мәндері алдын-ала белгісіз. Бірақ  кейбір заңдылықтарды орнатуға болады. Бұл қимада кездейсоқ шама Р ықтималдықпен шектелген аралықтағы  мәндерді қабылдайды.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (03.04.2015)
Просмотров: 867 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]