Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Кенесары Қасымұлы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Кенесары Қасымұлы слайд,презентация

 

 

 

 .Кіріспе
Батырдың қысқаша өмірбаяны
•    І-тарау: Балалық шағы
•    ІІ-тарау: Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
•    ІІІ-тарау:Ақ киізге көтерілуі
•    IV-тарау: Хандықтың құлдырауы
•    V-тарау: Дереккөздер

.Қорытынды
.Пайдаланған әдебиеттер

Талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихы күрделі әрі оқиғаға толы болды. Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күресіп, күш-жігерінің, патриоттық рухы мен дипломатиясының арқасында елі мен жерін сақтап қалды. Тарихтың қиын кезеңдерінде ұлан-байтақ жерін жоғалтпай, барлық қиындықтарды жеңіп, оны болашақ ұрпаққа табыстап отырған. Қазақ халқы басына бұлт үйірілген кездерде ұйымшылдық танытып, басқа халықтармен татулық пен бірлікте өмір сүруге ұмтылысының арқасында тарих ағымында жоғалмай, керісінше, өз мемлекеттігін құра білді.     
Мақсаты:
Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды! Қазақ халқының талай бастан кешкен қиын қыстау кезеңдерде Елім деп Жерім деп жан пида еткен  батырдың ерлігі! « Ер есімі – Ел есінде»  демекші батырдың еліне істеген ерліктері үшін ел жүрегінде ұмытылмас тұлға!
Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батыллығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. «Қазақстан тарихы энциклопедия» Қинаятұлы. Жұмғұлов,Қ Тарих ғылымының докторы; профессор,

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (01.03.2015)
Просмотров: 508 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]