Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

КазТрансСервис слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

КазТрансСервис слайд,презентация

 

 

КазТрансСервис слайд,презентация

 

«Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің «Қазтранссервис» еншілес мемлекеттік кәсіпорынының барлық құқығы мен міндеттерін алушы Қазақстан темір жолы әкімшілігінің контейнер паркінің операторы - «Қазтранссервис» акционерлік қоғамы 1999 жылы негізін салды.
Қазіргі уақытта «Қазтранссервис» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында контейнер паркі мен фитингті платформасы бар ірі иелердің бірі. Клиенттер қажеттілігін қамтамасыз ету үшін компанияның Қазақстан аумағында 3 бөлімшесі мен 18 агенттігі бар, сонымен қатар, ҚХР өкілеттігі жұмыс істейді. Компанияның мүліктік кешені орта тонналық және көп тонналық контейтерлерден ғана тұрмайды, өндірістік орындар мен жақындау жолдары мен тиеу- түсіру және көліктік тасымалдау құралдарынан тұрады, бұл «басынан аяғына дейін» жүкті тасымалдау қызмет кешенін атқаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда компания Қазақстан темір жолдарында тасымалдау процесінде басты орындардың бірін алып отыр, ТМД, Азия, Еуропа елдерімен өз серіктестіктігін дамытады, арлы, барынша ашық ұстанымдары негізінде сенімді және қажетті серіктес имиджіне ие болды.
«Қазтранссервис» АҚ басты мақсаты – Компанияның кешенді дамуы, жоғары дәрежелі экономикалық пайдалы, бәсекеге қабілетті контейнерлерде жүк тасымалдауды қамтамасыз ету және контейнермен жүк тасымалдаудың ішкі және сыртқы нарығының қажеттілігін қанағаттандыру екенін атап өткен жөн. Компания клиеттерінің ішіне Қазақстанның ірі индустриалды өндірістерімен бірге кіші және орта бизнес ұйымдары кіреді. Компания серіктестері ТМД, Азия, Еуропа елдерінің ірі жүк тасымалдаушылары. Клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету, алдыңғы технологиялар мен инновацияларды енгізудің арқасында «Қазтранссервис» АҚ Қазақстандық және әлемдік сыйлықтардың жүлдегері болып отыр.
Қазіргі заманда «Қазтранссервис» АҚ төменгі функцияларды орындайды:
контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру;
контейнерлі пойыздарды бағыттау және жетелеуді ұйымдастыру;
жетелеуші транспорттық қызмет;
«Достық» стансасында контейнерлерді қайта тиеу; темір жол контейнер паркін шұғыл басқаруды қамтамасыз ету;
пайдалануға контейнер мен вагондар беру;
және тағы басқа.
Клиенттерге бағытталған компания негізінде «Қазтранссервис» АҚ басты мақсаты - контейнерлі тасмалдау ісінде клиенттердің қажеттілігін барынша қанағаттандыру, сапалы қызмет беру мен кең қызмет аясын көрсету.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (03.04.2015)
Просмотров: 461 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]