Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Кадр басқарудағы тұжырымдамалар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Кадр басқарудағы тұжырымдамалар слайд,презентация

 

 

Қазақстан жиырма жылдық белестен асты. Соңымызда жүріп өткен ғасырларға татитын тарих қалды. Осындай жұлдызды сәтте өмір сүру бүгінгі ХХІ ғасырдағы ұрпақтың еншісіне тиіпті. Азғана қысқы мерзімде қоғам бір саяси-экономикалық жүйеден қарама-қарсы полярлы саяси экономикалық жүйеге көшті. Шын мәнінде президент Н.Назарбаев айтқандай жаңа тұрпатты мемлекет құрдық. Қазақстанды әлем таныды. Біз әлемді таныдық. Өзгеріс пен оң істер жоқ дей алмаймыз. Тұрмыс салыстырмалы түрде жақсарды, адамдар жаңа заманға бейімделді. Біршама томаға тұйық немесе ескі стереотиптік кертартпа ойдан арылып, жаңаша көз қарасты қалыптастырдық. Бұл артта қалған өзгерістерге толы жылдардың жемісі еді. Әрине бір қоғамнан бас тартып, екінші саяси жүйеге өтудің де оңай емесі белгілі. Біздің пікірімізше шешімін таппаған проблемалардың бірі – қоғамдағы азаматтың жеке басының құқықтық мәселесі. Жеке басқа қатысты мәселе – мемлекеттік кадр саясатының ұмыт қалуы . Әрине қарсылық білдіретіндер табылады. “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңы аясында үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып келісе қоймайтындардың кездесетіні рас. Бірақ бүгінгі таңда мемлекеттің мемлекеттік кадр саясатын басқаша құру керектігін немесе барлық азаматтар үшін бірдей мүмкіндік жасалынуы керек екенін түсінетін уақыт келген сияқты. Саяси құқықтарын толық пайдалануға, азаматтардың мүмкіндігіне орай мемлекеттік қызметке немесе азаматтық қызметке тұра алуына жол ашу мемлекеттің құзыреті болмақ. Соған қарамай мемлекет бюджет саласындағы миллиондаған кадрлар резервінің келешегімен айналыспайды .
Еске алатын болсақ, тарихымыздағы кеңестік кезең кадр саясатына әлде қайда тиянақты, нақты талаптарды қоя отырып, бір жүйеленген мемлекеттік кадр саясатын жүргізіп отырды. Кеңестер одағында жақсы қалыптасқан кадр саясаты, кадрлар корпусын тәрбиелеу тәжірибесі болатын. Кеңестік билік кадрлардың қоғамды басқаруға құрылған жүйесін құра білді. Ол-жолға қойылған мемлекеттік кадр саясаты еді. “Кадр-бәрін шешеді”-деген. Жартылай идеологияланған ұстаным, біршама дұрыс қалыптасып қоғамның басқару саласын реттеген еді. Әрине басқару жүйесіне кіру немесе кеңестік номенклатуралық тізімге ене қою оңай болмайтын. Кадр мәселесі –мемлекеттік басқарудың саяси билігі-комунистік партия қолында болды. Партиялық цензурадан, иделогиялық өңдеу мен қатаң партиялық талаптардан өту, талапқа сай болу аса тазалықты, білімділік пен біліктілікті керек ететін. Ішкі мәдениеттің биіктігі, мұнтаздай сыртқы форма, салқындылық үлкенді-кішілі басшы кадрлардан ажыратып болмайтын қасиеттер еді. Себебі басшыға қояр талап жоғары, міндеті ауыр болатын. Сол үшін де кеңестік кадр саясатына кадр дайындағаны үшін алғыс айтқан жөн.
Кеңестік саяси мемлекеттік қызметке өту үшін комсомол, кәсіподақ, шаруашылық басқару сатыларынан өтіп барып, ысылады дейтін ұстаным болатын. Комсомол қызметіне тартылған жастарды тәрбиелеп, партия комитеттері аппаратына немесе кәсіподақ пен шаруашылық басқаруға жіберілетін. Мемлекеттік саяси қызмет-партиялық қызмет саналып, ысылған әрі тәжірибелі азаматтарды аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі партия комитеттеріне қызметке жоғарылататын. Партияның қолында кадрлар резервін құру құқығы да болатын. Партияның аудандық, қалалық, облыстық, республикалық комитеттерінің хатшылары мемлекеттің бүкіл кадр саясатын қолында ұстады. Бюджеттік мекемелердегі бүкіл кадр ауыс-түйіс партияның бақылауында болып, басшылары мен орынбасарлары түгелге дерлік “әңгімелесуден” немесе “келісім алудан” кейін тағайындалатын. “Сізге партия мына жұмысты сеніп тапсырады, сенімді ақтаңыз” – деп қызметтен қызметке ауыстырып жататын. Кадр мәселесімен партия комитеттері айналысып, кадрларды оның ішінде бюджеттік мекемелер әкімшілігін тағайындауды мемлекеттің реттеушілік механизмі жұмыс жасайтын.

 

                                      

 

                                   

                                

 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (03.04.2015)
Просмотров: 416 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]