Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Ивент-компания қызмет маркетингінің субъектісі ретінде слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ивент-компания қызмет маркетингінің субъектісі ретінде  слайд,презентация

 

 

Ивент-компания қызметінің негізгі кезеңдеріне қызмет маркетингінің субъектісі ретінде қарастырайық. Қызмет маркетингінің басты функциясы – қызметті нарыққа жылжыту.
Вячеслав Карповтың айтуынша, «Оқиғалы маркетинг – бұл бизнес бағыты. Оқиғалы менеджмент – оқиғаны «кілтпен» басқару». Бұл түсінік оқиғалы маркетингтің қос мағыналылығына сәйкес келеді: мақсатты аудитория үшін тауар – бренд болса, ал тапсырыс беру үшін тауар – оқиға болып келеді. 

1.Келісімшарт міндеттері негізіндегі екі жақ жауапкершілігі. Мұндай оқиғаны ұйымдастырғаннан кейін қалаған нәтижеге қол жеткізбеген жағдайда екі жақ арасында шиеленіс туындаған кезде қолданылады. 
2.Ұқсас жобаларды іске асырудағы ивент-компания тәжірибесі. Егер ивент-компания мақсатты аудиторияға компания туралы қажетті ақпаратты жеткізбесе, тұтынушылар компанияның жұмысы туралы білмеуі де мүмкін. Сондықтан компания ақпаратты тарату үшін барлық маркетинг коммуникацияларын пайдалану қажет. 

3.Тапрсырыс беруші-компания мен орындаушы компания арасындағы алдыңғы серіктестік деңгейі. Бұл фактор ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Себебі ивент-компанияның жоғарғы табысы клиенттердің қайта тапсырыс беруі мен олармен ұзақ мерзімді келесімшарт жасауына байланысты. Осыған байланысты оқиғалы маркетингте тапсырыс беруші мен орындаушының қарым-қатынасы маңызды болып табылады.
4.Оқиға нәтижелерін бағалануының бар болуы. Орындаушы оқиғаны бағалаудың мүмкін болатын критерийлері туралы тапсырыс берушіні ақпараттандыру қажет.  Бұл тапсырыс берушіге оның жауапты орындаушымен жұмыс жасап жатқанына сенім тудырып, келісімшарт жасасу туралы жағымды шешім қабылдауына мүмкіндігін арттырады және кейінгі жұмыста жағымды эмоционалды фон қалыптастырады. 

1.Жеке ивент-компаниялар. Олар ивент-маркетингті толық меңгерген. Оқиғаларды ұйымдастыру олар үшін негізгі қызмет болып табылады. Соңғы кездері мерекелерді ұйымдастырушы агенттіктердің оқиғалы маркетинг агенттіктеріне өзгеруі жиі байқалады. Бұл тенденция ивент-индустрияның жеке бір сала болып қалыптасу процессін көрсетеді.
2. ВТL, жарнама және РR агенттіктер. Бұл қызмет-бизнесі нарығындағы  компанияның ивент бөлімдердің жеке бөлінуінің екінші тенденциясы. Бұл компаниялар үшін ең маңыздысы – бұл «өз кемелділігінің шегінен» шығып кетпеу. Себебі корпоративтік іс-шара немесе тренингтерді ұйымдастырушы жарнама агенттіктер жұмысы заманауи ивент-нарығында жөнсіз көрінеді.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (01.04.2015)
Просмотров: 384 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]