Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Гравибарлаудың даму тарихы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Гравибарлаудың даму тарихы слайд,презентация

 

 

      Гравибарлау Жер үстіндегі ауырлық күшінің таралуын зерттейді.          Ауырлық күші мен гравитациялық өрістің басқа элементтерінің  Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттеуге негізделген ғылымды гравиметрия деп атайды.     Гравибарлау Жердегі ауырлық күшінің таралуынан басқа Жердің пішінін анықтауға мүмкіндік береді, яғни гравибарлау көмегімен жоғарғы геодезияның негізгі мақсаттарын шешуге болады. Гравиметрияда ауырлық күшті басқаша ауырлық күшінің үдеуі деп атайды.

Ауырлық күші үдеуінің бірінші өлшеулерін италияндық ұлы ғалым Галилео Галилей жасаған болатын. Галилей 1583 ж. Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне кез жеткізеді.

    Галилей өлшеулерді өзі ашқан қатты дененің құлау заңы көмегімен жүзеге асырды. Галилейдің тəжірибесіне сай:
Кез келген дене өзінің массасына, химиялық құрамына қарамай Жерге бірдей үдеумен түседі;
Құлап жатқан дененің жолы бірінші секундтағы денеге берілетін жарты үдеуіне тең.

мұнда J – айналу осіне қатысты дененің инерция моменті, а – айналу осінен маятниктің ауырцентріне дейін арақашықтық, М – маятник массасы.     
    Маятниктің келтірілген ұзындығын анықтауы қиынға ұшыраған, сондықтан ауырлық күші үдеуін өлшеген бірінші зерттеуішілер математикалық маятникке максималды ұқсайтын аспаптарды қолдануға ұмтылған болатын.
    
    Жер пішінін анықтауда Лаплас үлкен табыс енгізді. Лаплас Пьер(1749 - 1827) - француз астрономы әрі математигі, физигі. Ол аспан механикасы әдістерін дамытты, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы негізінде Күн жүйесіндегі аспан денелерінің қозғалысының өзіне дейінгі ғалымдар түсіндіре алмаған мәселелерін аяқтаған, ол егер планеталардың біріне-бірінің әсер ететін ұйытқытулары математикалық қатарлар ретінде қарастырылатын болса, бүкіләлемдік тартылыс заңы планеталардың қозғалысын толық тай түсіндіре алатынын дәлелдеген
.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (29.03.2015)
Просмотров: 479 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]