Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Ертегілер слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ертегілер слайд,презентация

 

 

Ертегі – ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер – бірнеше ғасырлардың жемісі. Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарастарды ертегілерден көреміз. Өйткені ертегі - өткендегі өмірдің елесі. Қазақтың тұрмыс-салтын кеңінен шолып, мол қамтыған ауыз әдебиетінің ең көлемді, бай түрі ертегілер болып саналады. Балалар өмірінде де алатын орны ерекше.
Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең сөз түрінде де кездеседі. Бұған біз ертегілерді оқу барысында көз жеткіземіз.
         Ертегілердің, әдетте, бастаулары ұқсас: “Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты” немесе “Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде”, т.б. Басталады. Бұл – ертегінің өзіне тән кіріспесі, ерекшелігі болып табылады, ауыз әдебиетінің ешбір басқа түрі, жанры олай басталмайды. Ертегілер “Сөйтіп мұратына жетіпті” деп үнемі жақсылықпен аяқталады. 
    Өйткені, ертегінің образдарынан біз халық арманын көреміз, ал арман тек қана жақсы болады.

Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі,баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Зерттеушілер: Ш.Уалиханов, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваев, Б.Даулыбаев,О.Әлжанов, Ж.Айманов, Б.Досымбеков, М.Ибрагимов.
Осы аталған адамдар сол кезде орынборда, Омбыда, Қазанда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақша шығаратын болса, онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. “Дала уәлаяты” газетінде, “Торғай облыстық ведомосында”, “Ақмола облыстық ведомосында”, “Орынбор газетінде”, “Орынбор губерниялық ведомосында”, “Астрахань газетінде” үзбей басылып тұрады.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (31.03.2015)
Просмотров: 1767 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]