Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Эксперименталды психологияның даму тарихы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Эксперименталды психологияның даму тарихы слайд,презентация

 

 

     «Эксперимент» термині - латын сөзі experimentum – (тәжірибе, сынау, бақылап көру).
      Эксперименттік психология пәні - психологияның теориялық және эмпирикалық білімі туралы мәселелерді, психологиялық эксперементтің өзіне тән ерекшеліктерін, іс-әрекеттің эксперементтік психологиясын, іс-әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы және жеке адам санасының эксперементтік  психологиясын қарастырады.
    Ежелгі Грецияда зерттеу - дене жетілуі, ойлау және талдау өнерін бағалау ретінде қолданылады. Платонның ұсынған әскери қабілеттіктерді зерттеуі - эксперименттің алғашқы элементтері болып табылады.
    Б.э.д. IV ғ. өмір сүрген Греция өкілі Аристотель философ, әрі табиғатты зерттеуші болған. Александр Македонский өзінің бұл оқытушысына, өзінің жеңіп алған  аймағындағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін зерттеуді бұйырған. Түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды.
    Б.э.д. IV ғ. өмір сүрген Греция өкілі Аристотель философ, әрі табиғатты зерттеуші болған. Александр Македонский өзінің бұл оқытушысына, өзінің жеңіп алған  аймағындағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін зерттеуді бұйырған. Түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды.
    В.Вундт (1832-1920) алғашқы психолог-экспериментатор болу себебі, физиология ілімінен психология ілімін түрлі зерттеулер құру арқылы ерекшелеп алды. Ол алғаш Лейпцикг қаласында 1875ж арнайы педагогикалық институт ашады. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын, 6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыды және бұлар  экспериментаторлардың алғашқы ұрпақтары болып саналады. Арнайы лабороториялық кабинеттерде ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін, арнайы приборларды эксперимент жүргізу арқылы іске енгізеді. Мұнда қолданған алғашқы негізгі әдістер-интроспекция әдісі болды.
    Алған ақыл-ойды эксперименттік негізде зерттеген американ ғалымы Дж. М. Кеттэл болды. Ол өзінің докторлық  диссертациясын Вундтың эксперименттік лабараториясында дайындайды. Кейінгі уақыттарда 1888ж. Кембриджде Ф.Гальтонмен бірлесе жұмыс істей отырып, адамдардың индивидуальды өзгешеліктеріне анықтау мәселесіне  үлкен көңіл бөлді. Кэттелдің басқа зерттеудің  өзгешелігі - ол өте күрделі  психикалық функцияларды  зерттеуге  бағытталған.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (15.03.2015)
Просмотров: 2959 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]