Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Экономикалық теория пәні және әдісі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Экономикалық теория пәні және әдісі слайд,презентация

 

 

 Экономикалық теория басқа ғылымдарға қарағанда «экономикалық адамды» қарастырады. «Экономикалық адамды» іске асыру саласы және мәні экономикалық қызмет және экономика болып табылады. Сондықтан экономикалық теорияның объектісі болып экономика тұтас жүйе ретінде болып табылады. 
        Яғни экономика адамдарды олардың өміріне қажетті заттармен қамтамасыз ететін, қоғамдық өмір саласы. “Экономика” сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады. 
    “Ойканомия” (экономия)  сөзі ретінде – (үй, шаруашылық).
         Экономикалық теория ғылым ретінде 16-17-ші ғасырлар тоғысында пайда болды.
Алғашқы рет “саяси экономия” деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Макретьен қолданды. Ол “Саяси экономия трактаты” (1615) кітабында Француз елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырады. Бірақ мұны ғылым деп айтуға ерте болатын. Осы кезде тауар-ақша қатынастары кең дамыды. Оның өзі экономиканың даму заңдылықтары мен зерттеудің бастауы болып табылады.
 Экономикалық теорияның пәні ұзақ мерзімді тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. 
     Саяси экономиканы меркантелисттер мемлекеттің сауда балансы ретінде қарастырылды. Яғни пайданың негізгі көзі болып  сыртқы саудадағы айырбас болып табылады. 
           Экономикалық теорияның екінші мектебінің өкілдері  - физиократтар (грек тілінен аударғанда «табиғат билігі» деген мағынаны білдіреді), Ф. Кенэ, А. Тюрго, В. Мирабо, Л. Дюпон де Немурдың айтуы бойынша экономикалық теорияның пәні бұл ауыл шаруашылығын өндірістің негізгі саласы ретінде қарастыру керек деген. 

Экономикалық теорияның үшінші мектебі классикалық саяси экономика болып табылады. Бұл мектептің өкілдері А. Смит, Д. Риккардоның айтуы бойынша нарықтық экономиканың қалыптасуындағы адамдардың іс әрекетін қарастыру деді. Барлық тауар өндірушілерді «көрінбейтін қол» арқылы реттеу деген А. Смит. Маркстік саяси экономика (К. Маркс, Ф. Энгельс)  қайта өндіру, айырбас, бөлу, және материалдық игіліктерді тұтыну процесіндегі адамдардың арасындағы қалыптасқан өндірістік қатынастар болып табылады.  Экономикалық теорияның бұл бағыттың негізгі болып еңбек құн теориясы және қосымша құн теорисяы табылады.  

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (15.03.2015)
Просмотров: 1565 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]