Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Депозит нарығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Депозит нарығы слайд,презентация

 

 

 

 3 Депозит нарығы
 3.1 Депозит нарығының экономикалық мәні мен ролі
 
Кез келген қаржылық институт шаруашылық субъект ретінде өз қызметін жүзеге асыру үшін ғимарат, құрал–жабдықтарды, техниканы сатып алу үшін, айналмалы капиталды қалыптастыру үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін және бюджетке міндетті төлемдерді төлеу үшін ақша – қаражаты керек. Жоғарыда аталған шығындар меншікті қаржылар есебінен немесе тартылған қаржылар есебінен қаржылануы мүмкін, қаржылардың көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың салымдары немесе депозиттер құрайды.
Депозиттік операциялар алғашқыда алтын монеталарды жақсы сақтау формаларында болған. Монеталар иесі сақтау үшін белгілі мөлшерде сыйақылар төлейтін болған. Ал сақтаушы өз ретінде оған сақтауға берілген монеталарға ғана жауапты. Мұндай жағдайда сақтаушы салынған монеталарды айналысқа жіберуге және пайда түсіруге құқығы болмаған. Уақыт өткеннен кейін монеталар иесіне тек сақтауға берілген монеталар көлемі қайтарылады. Кейіннен сақтау мерзімдері ұзартылды.
Соған байланысты сақтаушылардың несие беру мүмкіншіліктері артты. Оған дейін олар несиені тек өз қаражаттарынан берген, мүмкіншіліктері аз болған. Ал енді несиені тартылған қаражаттардан беретін болған, сәйкесінше несиені беру мүмкіншіліктері кеңейді. Несиеден түскен пайыздар түріндегі пайда ақша иелеріне сомаларын қайтаруға мүмкін болды.
Қазіргі кезде депозиттік операциялардың әр түрлі формалары мен түрлері бар, олардың түрлері шетелде де кең қолданылуда. Бірақ, кез келген қаржылық  институттардың негізгі мәселесі несиелік ресурстар көлемін салымшыларды тарту арқылы көбейту болып отыр. Ақша жинақтаушы функциясын атқара отырып, шаруашылық субъектілердің жинақтаушысы депозитке айналады. Депозит  салымшылардың барлық салым түрлерін қамтиды. Оларда орналасатын қаражаттар көзі  әр түрлі болып келеді. Оларға: корпоративті клиенттердің, мемлекеттік кәсіпорындардың шоттардағы қаржылар, жұмысшылардың уақытша бос ақшалары жатады. Бүгінгі күнде коммерциялық банктер депозиттердің әр түрлілерін ұсынады. Қазақстан Республикасының банктік тәжірибесі келесідей депозит түрлерін ұсынады:
1.талап еткенге дейін депозит немесе чектік депозит – міндетті өтеу бойынша салымшыға чек жазып шығаруға құқық береді. Бұл депозиттің қолайлығы талап еткенде қаражат алу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Чектік депозиттер қымбат есептік операцияларды қажет етеді. Сондықтан көптеген банктер бұл қызмет үшін белгілі төлемді орнатады. Оның мөлшері депозит мөлшерімен және 1 айда жазылып шығарылатын чектер санына байланысты өзгереді. Кейде банктер бұл қызмет үшін төлемді алмайды, егер салымшы ай ішінде өз шотында жеткілікті түрде қалдық қалдырса, мысалы 60, 90, 120 күндік ссуда беруге және контокоренттік несиелер беруге.
Чектік депозиттің негізгі типі талап еткенге дейін салым болып табылады. Оның келесідей ерекшеліктері бар:
-  ақша салымы шектеусіз, кез келген уақытта бөліп – бөліп немесе толықтай алынады немесе салынады.
-  Шоттағы ақшалар қолма – қол және қолма – қол емес формасында алынуы мүмкін.
-  Банк шот иесіне ай ішінде қолданған ақшалары үшін коммиссиондық сыйақы бекітеді.
- Банк пен клиент арасында бекіткен нормалар бойынша, егер клиент ол нормаларды ұстаса, банк клиенттен шотты пайдаланғаны үшін коммиссиондық төлемдерді алмайды. Егер клиент нормаларды бұзса, банк клиентке барлық операциялық алымдарды төлетеді.
-  Талап еткенге дейінгі депозит бойынша банк Ұлттық банкте міндетті түрде минималды резерв ұстауға міндетті.
Көптеген банк клиенттері бұл депозит түрі бойынша ақша қалдығын минималдауға тырысады, өйткені пайыздық табыс төленбейді. Минималдаудың бір әдісі ол – автоматты тазалау болып табылады. Банк клиент шотын ақша қаражаттардан тазартады. Банк ақша ресурстарын табыс әкелетін қаржылық  инструменттерге салады. Мұндай операциялар банкпен жұмыс күнінің соңында жүргізіледі және бұл операция, керісінше, болады.

Минималдаудың келесі әдісі, оның мәні ақша ресурстарын АТС шоттарында орналастыру. Бұл депозит түрі, ақша қорларын жинақтаушы шоттардан депозиттік шоттарға автоматты түрде аударуға мүмкіндік береді. Банк клиентпен келісе отырып, табыс әкелетін шоттан талап еткенге дейінгі депозитке аударады. Мұндай тәжірибе салымшыларға депозитте минималды соманы ұстап тұруға және автоматты аударулардан пайыз алуға мүмкіндік береді.
Талап еткенге дейінгі салымның келесі түрі – контокорент – біркелкі шот, мұнда банктің барлық аударымдары мен төлемдері көрсетіледі. Бұл шотты кейде активті – пассивті контокорент бойынша кредиттік сальдо клиенттің өз меншікті ресурстарына иемденеді, ал дебиттік – айналысқа тартылған ақша ресурстары енгізілген, клиент банк қарызгері болады. Кредиттік сальдо бойынша – банк клиент атына пайыздар аударады, ал дебиттік сальдо – банк пайыздарды өз атына аударады. Дебиттік сальдо бойынша пайыз ставкасы жоғары болады. Мұндай шоттар тек сенімді клиенттерге және бірінші класты қарыз алушыларға сенім белгісі ретінде ашылады.
Талап ету бойынша депозиттің овердрафтпен ағымдық шоттар түрінің мәні – банк пен клиент арасында көшірмедегі сомадан артық соманы жазып шығару болады, ол кейде несиелік қарыз деп атайды. Контокорент шотына қарағанда овердрафт мүмкін сипатта болады. Овердрафтпен ағымдық шот жеке және заңды тұлғалардың уақытша алымдарын жабу үшін ашылады.
Кей жағдайларда банктер клиенттерінен талап еткенге дейінгі салым бойынша компенсациялық баланста табыс әкелмейтін пайыз түрінде талап ете алады (бұл банк өз міндеттемелерін өтеу үшінқажет).
Талап еткенге дейінгі депозитке келесілер жатады:
- заңды тұлғалардың банктегі ақша қаражаттары, мемлекеттік бюджет қаражаттары;
- өтелімдегі ресурстар;
- банктердің өзара корреспондентік шоттары.
2. Жинақтаушы салымдар. Бұл салым түрі халықпен жүргізілетін операцияларда қолданылып, өтімді салым үшін кішігірім жинақтар үшін арналған. Талап еткенге дейінгі депозиттен айырмашылығы төлемдерінде, шоттан ақша алумен, пайыздарды санаудың жиілігінде. Кейде пайыз бойынша салықтық жеңілдіктер болады. Қазіргі Қазақстан Республикасының банктерімен ұсынылатын жинақтаушы депозиттер бойынша олар: жинақ кітапшаларындағы жинақтық шоттар, жинақ салымы туралы ақпараты бар шоттар және депозиттік шоттар.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар пайызын тез арада алуға болатын чектік емес депозит. Олардың ерекшеліктері келесілерден тұрады:
- кітапшадағы жинақтық салымның бекітілген мерзімі жоқ;
- банктер алдағы кезеңде ақша алымы туралы алдын–ала ақпараттауды талап етеді;
- мұндай шоттар бойынша жоғарғы шектеу болады;
- клиент ақша алуда жинақ кітапшасын ұсынуы керек;
- жинақ кітапшасы шотта минималды қалдықты талап етпейді.
Жинақ салымы шоты туралы көшірмесі жинақ кітапшадағы шотқа сәйкес келеді. Олар бойынша процент төленеді, дәл сондай функция атқарады. Оның бір ерекшелігі – олар бойынша жинақкітапшасы қолданылмайды, жинақ салымы туралы толық ақпарат тек көшірмеде көрсетіледі. Бұл процедура клиентті әр түрлі қосымша қызметтен босатады, клиент банкпен пошта арқылы байланыса алады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (29.03.2015)
Просмотров: 1060 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]