Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас |
Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері слайд,презентация
Мұхит суының 96,5%-ын таза су құрайды, қалған 3,5%-ы еріген тұздардың үлесіне тиеді. Сондықтан мұхит суының басты қасиетінің бірі оның тұздылығы болып табылады. Дүниежүзілік мұхитта, шамамен, 49,2-Ю15 т еріген тұз бар деп есептеледі. Аталған тұзды құрғақ күйінде жер бетіне біркелкі етіп таратып жайса, Жер шарын қалыңдығы 150 м тұз қабаты көмкерген болар еді. Осыншама мол тұздың миллиондаған жылдар бойы жиналуының өзі Жердің геологиялық тарихымен тығыз байланыста жүрген күрделі процесс болып табылады. Мұхит суында кездесетін тұздар арасында ас тұзы (85%) басым, сондай-ақ мұнда магний, кальций және т.б. қосылыстар бар. Дүниежүзілік мұхиттағы тұздардың арақатынасы барлық бөлігінде бірдей, бірақ оның жеке бөліктеріндегі тұздылық көрсеткіші айырмашылық жасайды. Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек еткізеді.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! | |
Просмотров: 2139 | |
Всего комментариев: 0 | |