Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Британ аралдары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Британ  аралдары слайд,презентация

 

 

 

    Британ аралдары — Еуропаның  солтүстік-батысында орналасқан топарал. Құрамына Ұлыбритания мен Ирландия аралдары және көптеген ұсақ аралдар (Мэн, Англси , Уайт, Ішкі және Сыртқы Гебридтер, Оркней, Шетланд) енеді. Ауданы 325 мың км²-ден астам, оның 230 мың км²-ін Ұлыбритания, 34 мың км²-ін  Ирландия алып жатыр.     Ірі өзендері: Северн (310 км), Темза (334 км), Шаннон (368 км); өзендердің суы мол, кеме жүзеді. Ең ірі көлі — Ирландиядағы Лох-Ней көлі (400 км²). Солтүстігіндегі күлгін топырақтарда  қарағай, қайың, оңтүстігінде емен, шамшат өседі. Қазіргі кезде ормандар Британ аралдарының 4 — 5-ін ғана алып жатыр. Жануарлардан түлкі, кірпі, жабайы қояндар, тиін мекендейді. Жыртқыш құстар (сапсан, қаршыға және т.б.), құр, жабайы кептерлер, су құстары (шағала, тырна, үйрек) тараған. Британ аралдарының табиғаты адам әрекетінен қатты өзгерген. Аралда Ұлыбритания және Ирландия мемлекеттері орналасқан.

    Аралдардың өзен жүйесі рельефі мен климатының ерекшеліктеріне байланысты өте жиі болып келеді. Облыстың ірі өзендері – Северн, Темза, Шаннон, т.б. Британ аралдарында жалпақ жапырақты ормандар мен аралас ормандар кездеседі. Ормандар  аралдардың жалпы ауданының 4-5%-ін ғана алады. Қазіргі кезде ағаш өсімдігінің едәуір бөлігі екінші рет қайтадан шыққан, әдетте қолдан отырғызылған болып табылады. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (29.03.2015)
Просмотров: 501 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]