Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Бюджет-салық саясаты туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бюджет-салық саясаты туралы слайд,презентация

 

 

 

Қазыналық саясаттың мәні мен маңызы
Қазыналық саясаттың түрлері мен құралдары
Қазыналық саясаттың артықшылықтары мкн кемшіліктері
Қазыналық саясаттың салыстырмалы тиімділігі

   Қазыналық саясат – бұл үкіметтің мемлекеттік бюджеттің кірістерін немесе шығыстарын өзгерту арқылы экономиканы тұрақтандыру мақсатында қолданатын іс-шаралары.    Үкімет қазыналық саясатты ең алдымен жиынтық сұранысты реттеу мақсатында жүргізеді. Бұл жағдайда экономиканы реттеу жиынтық шығындарға әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Бірақ қазыналық саясаттың кейбір құралдары іскерлік белсенділік деңгейіне әсер ету арқылы жиынтық ұсынысқа ықпал ету үшін де қолданылады.    Қазыналық саясатты үкімет жүргізеді. Мультипликативтік әсерді ескере отырып, экономикадағы циклдің сипатына қарай қазыналық саясаттың екі түрін ажыратады:
ынталандырушы;
тежеуші. 
     Ынталандырушы қазыналық саясат өндіріс көлемінің рецессиялық алшақтығын қысқарту мақсатында жұмыссыздықты жойып, жиынтық сұранысты ынталандыруға бағытталады. Оның құралдары: 
а) мемлекеттік сатып алуларды көбейту,
ә) салықтарды азайту,
б) транферттерді көбейту. 
Тежеуші қазыналық саясат өндірістегі инфляциялық алшақты жойып, жиынтық сұранысты қысқартуға бағытталады. Оның құралдары: 
а) мемлекеттік сатып алуларды қысқарту; 
ә) салықтарды көбейту; 
б) трансферттерді азайту. 
Қазыналық саясатты дискрециялық және автоматты (дискрециялық емес) деп те ажыратады.
Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметтің экономиканы тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік сатып алулар, салықтар және трансферттер көлемін ресми заңды өзгерту шаралары. 
Дискрециялық емес (автоматты) қазыналық саясат кіріктірме тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде әрекет етеді. 
Кіріктірме тұрақтандырғыштар – бұл шамасы өзгермейтін, бірақ өрлеу кезінде сұранысты шектеп, автоматты түрде экономикалық өсуді тежейтін, сондай-ақ құлдырау кезінде өндірістің қысқаруын ынталандыратын құралдар. Автоматты тұрақтандырғыштарға: 
табыс салығы (адамдардың табысына және корпорация пайдасына салынатын салық); 
жанама салықтар (оның ішінде қосылған құнға салық);
жәрдемақылар жатады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (29.03.2015)
Просмотров: 769 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]