Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қазіргі замандағы лаңкестік ұйымдар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Қазіргі замандағы лаңкестік ұйымдар  слайд,презентация

 

 

 

Бүгінгі әлемде саны, күші және әсер етуі жағынан әртүрлі 500-ге жуық лаңкестік 
ұйымдар бар, олар әлемнің әртүрлі аймақтарында әрекет етеді және әртүрлі бағыттарға 
қатысты. Сондай лаңкестік ұйымдардың қамқоршысы араб миллиардері және әлемдегі 
нөмірі бірінші лаңкес Усама бен Ладен. Әдетте, бұл құрылымдар өте жақсы 
ұйымдастырылған, өз әрекеттерін үйлестіру үшін қазіргі заманғы байланыс құралдарын 
қолданады және қаржыландыру мен қару  –  жарақпен қамтамасыз етудің сенімді көздеріне 
ие. Қазіргі уақытта халықаралық лаңкестік түгелдей дерлік жер шарына таралып отыр. 
Бірақ, планетамыздың әр бөлігіндегі осы лаңкестік ұйымдардың арасындағы объективті 
байланыстарына қарамастан, қарастыруға ыңғайлы болу үшін лаңкестіктің кеңінен 
таралған жеке аймақтарын бөліп алған жөн. Дәстүр бойынша ол Тынық мұхит аймағынан 
басталады. Осы аймақтардағы лаңкестік туралы айтқанда, ең алдымен екі елді:  Жапония 
мен Филиппинді сөз қыламыз.
Филиппинда «Абу Сайяф»  атты ислам тобы әрекет етеді (бұл атауды «Қылыш 
ұстаушылар» деп аударуға болады). Оны Абдуразак Әбубәкір Джанжалани басқарады. топ 
1991 жылы Ұлт азаттық Моро майданының бөлінуінің нәтижесінде  пайда болды. Өз 
әрекеттерінде ірі компаниялар мен жеке бизнесмендерді сатып алу және бопсалау 
мақсатында жарылыс жасау, өлтіру, ұрлауға барады. олардың мақсаттары мұсылмандар 
қалың орналасқан оңтүстік филиппиндік Минданао аралында Иран сияқты ислам 
мемлекетін құру.
Жапондық «Аум Синрике» («Аум ақиқатын ашу») тобын 1987 жылы Сёко Асахара 
ұйымдастырды. Асахара алдымен Жапонияны, содан кейін бүкіл әлемді жаулап алуды 
мақсат етті. 1989 жылы Жапон өкіметі оны ресми түрде тіркеді де, 1990 жылы ол 
жергілікті  сайлауға қатысты. Аум Синрикёның құрамына едәуір қаражат бөле алатын 
дәулетті адамдар тартылды. Бірақ ұйымның мұндай мүшелері (3000  –  ға дейін) ұйымнаң 
түкпірінде қалған. 1995 жылы 20 наурызда Аум Синрикё Токио мен Иокогаме 
қалаларының метроларының алты бағытына химиялық шабуыл жасайды (10 адам қаза 
тапқан, 4700 адам уланған). Бұл акция сектаның әшкереленіп, оның көптеген 
жетекшілерінің қамауға алынуына себепкер болды. 1995 жылдың наурыз айында Аум 
Синрикё жапонияда 9 мың жақтаушыларын және әлемде 40 мың адамды біріктіре алды. 
Жеке секталар Австралияда, Ресейде, Германияда, Украинада, Тайванда, Шри-Ланкада, 
Югославияда және АҚШ-та әрекет етті. 1995 жылы мамыр айында Асахара қамауға 
алынды. 1995 жылы қазан айында өкіметтің шешімімен ұйымның әрекеті тоқтатылды. 
Әшкереленгеннен кейін Аум Синрикённың әрекеті мен ауқымы қысқартылды, ал 
бостандықтакінәлары дәлелденбеген бірнеше секта жетекшілері ғана қалды. 1995 жылдың 
наурызында Аум Синрикё құрамында Жапонияда 9000, ал дүниежүзінде 40000 
ізбасарлары болды

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (07.04.2015)
Просмотров: 828 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]