Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қазіргі заманғы қалыптық жадығаттар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазіргі заманғы қалыптық жадығаттар слайд,презентация

 

 

       Біздің елімізде ең көп таралған – бұл қалыптық жадығаттардың Оксман бойынша жіктелуі.
   1. Кристаллданатын
   2. Термопластикалық
   3. Эластикалық
   4. Полимерленетін
Цинкоксидэвгенолдық қалыптық жадығаттар.
Шығарылу формасы. Цинкоксидэвгенолдық массалар екі сықпа түрінде шығарылады: негізгі және катализаторлық. Оның құрамына кіреді: мырыш тотығы, өсімдік майлары, эвгенол, жадығатқа сықпа консистенциясын беретін толықтырушылар. Мырыш тотығы мен эвгенол қатаю реакциясына қатысады. Үрдіс жылдамдығына температура, орта дымқылдығы компоненттерінің ара-қатынасы әсер етеді.  Негізі – бұлар тіссіз жақсүйектен қалып алу үшін қолданылады. 
Қасиеттері. Цинкоксидэвгенолдық массалар протез орнын анық көрсетеді, бастапқы фазасында жоғары ағымдыққа ие.  Бірақ,  қалып алғанда жадығат ұнтақталып, деформацияланып,  саймандар мен теріден қиын тазалануы мүмкін. Поднутрениелер болса сапалы қалып алу мүмкін емес.  Сонымен қатар, цинкоксидэвгенолдық жадығаттардың кейбір компоненттері ауыз қуысының шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін.  Сондықтан, Spofa Dental фирмасының Репин атты қалыптық жадығаты өалып алғаннан гөрі, тіс протездерінің алынбайтын құрылымының уақытша бекітілуіне жиі қолданылады.  Белгілі тағы да басқа Scania. Фирмасының Вертекс жадығаты. 
       Шығарылу формасы.

Термопластикалық материалына ортаның температурасына байланысты өзінің консистенциясын жиі өзгерту қасиеті тән. Термопластикалық компаундардаң құрамына табиғи және синтетикалық смолалар, парафин, стеарин қышқылы, бояғыштар және т.б. кіреді. Композиция ауыз қуысында материал  қатаятындай етіп таңдалынады. 50°С-ден жоғары температурада пластикалық қалыпқа келеді. Термопластикалық компаунд пластиналар немесе таяқшалар түрінде шығарылады. 
Қасиеттері.
Термопластикалық материалдар бұрын функциональды қалыптар дайындауда кеңінен қолданылды. Термопластикалық массалардың пластикалық қасиеттері тек қана қыздырылған жағдайда көрінгендіктен, қалыпта оттяжкалар болады. Сонымен қатар, қалыпта ішкі қысымның пайда болуына байланысты салқындау процесі бір қалыпты өтпейді. Қазіргі кезде термопластикалық қалыптық массаларды тек қана жеке қалыптық қасықтардың жиектерін коррекциялаумен және тіссіз жақтардан анатомиялық қалыптарды алумен шектеледі. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (06.04.2015)
Просмотров: 463 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]