Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келуі мәні мен маңызы.слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келуі мәні мен маңызы.слайд,презентация

 

 

 

Талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихы күрделі әрі оқиғаға толы болды. Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күресіп, күш-жігерінің, патриоттық рухы мен дипломатиясының арқасында елі мен жерін сақтап қалды. Тарихтың қиын кезеңдерінде ұлан-байтақ жерін жоғалтпай, барлық қиындықтарды жеңіп, оны болашақ ұрпаққа табыстап отырған. Қазақ халқы басына бұлт үйірілген кездерде ұйымшылдық танытып, басқа халықтармен татулық пен бірлікте өмір сүруге ұмтылысының арқасында тарих ағымында жоғалмай, керісінше, өз мемлекеттігін құра білді.     

        Қазақстанда да күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Республика өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп, КСРО құрамынан бөлініп шығатын талап-тілектерін ашық айта бастады.
        1990жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы ” Декларациясын қабылдады. Мемлекеттік егемендіктің жариялануы-республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды. 
       1991 жылдың желтоқсаны ірі саяси оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы – КСРО-ның ыдырауы еді. Желтоқсаның 8-і күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО –ны құру туралы шарттың өз күшін жойғаның жариялады. Сонымен қатар, аталған үш мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының құрылғандығы туралы мәлімдеді. Осылайша, дүние жүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы- КСРО ыдырады. 

Қазақстан барлығымыздың туған жеріміз, ата қоныс атамекеніміз.
Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Оның алып жатқан аумағы өте үлкен. Жеріміздің аумағы 2,7 млн,км²  .Жер көлемі жөнінен еліміз дүние жүзінде 9- орында тұр. Қазақстан аумағына Батыс Еуропаның оншақты мемлекеті еркін сыйып кетеді.
Қазақстан батысынан шығысына дейін 3000 шақырым, ал солтүстігінен оңтүстігіне дейін 1600 шақырым.
 Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан сияқты мемлекеттермен шектеседі.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (05.03.2015)
Просмотров: 591 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]