Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар слайд,презентация

 

 

Қызғылт бірқазан-аз санды, шектеулі
жерлерде ұя салатын түр. Саны бірте-бірте 
кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең 
таралған болатын, қазір оның оңашаланған 
ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, 
Наурзым қорығында, Балқаш көлінде және
Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің 
атырауларында сақталған. Нулы қамысты 
көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік 
ететіндері 8 мыңдай.
 Қоқиқаздар - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқазтәрізділер сабы және қоқиқаздылар тұқымдасының жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Қазақстанда қоқиқазды қорғау мақсатында Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған. Қоқиқаз АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Швейцарияның, Германияның зоология бақтарында қолда өсіріліп көбеюде. Қоқиқазды атуға мүлде тыйым салынған. Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Қара дегелек- саны тұрақты сирек кездесетін түр. Сирақтары, тұмсығы, көзінің айналасындағы жалаңаш тері қызғылт келеді. Түсі жасылқара, бауыры ақ. Мойының созып, сирақтарын жинамай ұшады. Жартаска салған ұясын бірнеше жыл бойы пайдаланады. Қазақстандағы жалпы саны 300 - де , негізгі мекендейтін жерлері - Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань таулары. Ұя маңындағы мазасыздыққа төзе алмайды. Бұл құсты сақтау үшін ұяның айналасынан радиусы 0,5 шақырымнан кем емес тыныштық аймағын ұйымдастыру керек. Біздің және әдебиет көздері бойынша Қазақстанда 150 жұптан артық емес, оның ішінде Батыс Тянь-Шаньда 20 жұптай, Солтүстік Тянь-Шаньмен Жоңғар (Жетісу) Алатауында – 10, Алтайда – 100-ге жуық, Орталық Қазақстанда 5-10 жұп.
Бүркіт - қаршыға тұқымдасына жататын 
үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы
 жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен 
зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа 
табады. Орта Азияда, Қазақстандабүркітті 
қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты 
аңдарға салады, шабыты түскен кырағы 
бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда 
адамға да түседі. Аңшы, саятшылардың 
топталып, бірнеше күнге аң аулауға шығуы,
 яғни топтық аң аулау. Салбурын 
аңшылардың мерекесі тәрізді, негізінен 
қыс мезгілінде өтеді. Мұнда ауланған аң 
бәріне бірдей тең бөлінеді. Ауыл 
ақсақалдарының үлесі бөлек есептеледі. 
Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізіліп, 
ерекше қорғауға алынған.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (06.04.2015)
Просмотров: 1435 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]