Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қазақстандағы мемлекеттік биліктің жүзеге асуы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстандағы мемлекеттік биліктің жүзеге асуы слайд,презентация

 

 

Қазақстан Республикасы – Еуропа мен Азия қос континенттерінің тоғысының солтүстік жарты шарында орналасқан. Жер көлемі бойынша Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Бразилия, Канада, Үндістаннан кейінгі әлемде 9-шы орында тұр. Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен шекаралас. Қазақстан Президенттік басқарудағы зайырлы, демократиялы, басты назарда адам және оның өмірі, оның құқықтары мен бостандығын ескеретін құқықты және әлеуметтік біртұтас мемлекет.Қазақстандағы Мемлекеттік билік бірыңғай болып табылады және оның құрамына Парламентпен жүзеге асатын заңшығарушы билік, Орталық орган мен жергілікті органдардан, мемелекеттік сот қарамағында қызмет ететін сот билігінен тұратын Үкіметтің атқарушы билігі кіреді. Мемлекет билігінің негізгі тұғыры халық болып табылады. Сенат
ҚР Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: ҚР Парламенті Сенатынан және ҚР Парламенті Мәжілісінен тұрады. ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және мемлекет астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Сенат та ұлттық-мәдени және қоғамның өзге маңызды мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз етудің қажеттілігін есепке ала отырып, он бес депутатты ҚР Президенті тағайындайды. Сена тқа сайланатын депутаттардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.
Мәжіліс
Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің Депутаттық корпусын тең және мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар құрайды. ҚР Парламентінің Мәжілісі конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте сайлана-тын 107 депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палат аға бірдей мүше бола алмайды. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл . ҚР Парламенті Мәжілісінің (Парламент тің төменгі палат асы) ерекше өкілеттіктері: Парламентке енгізілген конституциялық заңдар және заңдар жобасын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрін сайлауға Республика Президентіне келісім беру; Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; Мәжіліс Парламентіне Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (06.04.2015)
Просмотров: 639 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]