Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қазақстан мәдениеті слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстан мәдениеті слайд,презентация

 

 

20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.

1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты.Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды. Облыстық және көркемөнерпаздар театрларының саны артты. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, К. Қармысов, X. Бекеева сияқты актерлер елге танылды, Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин және т. б. актерлік өнер жолын бастады
XIX ғасыр Қазақстан­ның мәде­ни өміріндегі ағар­ту­шылық ғасыр деп ата­лады. Білім мен мәде­ни­еттің да­му­ына ал­дыңғы қатар­лы орыс зи­ялы­лары үлкен ықпал жа­сады. 1847–1857 жыл­дарда ук­ра­ин ақыны Т. Г. Шев­ченко Қазақстан­да ай­да­уда бол­ды. Қазақстан Орыс ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы бөлімше­лерінің зерт­теу обьектісіне ай­нал­ды, мұнда мәде­ни-ағар­ту ме­кеме­лері мен ста­тис­ти­калық ко­митет­тер жұмыс істеді; өлке­тану мұра­жай­ла­ры ашы­лып, ер­те­дегі ес­керткіштер, ха­лықтың ауыз­ша шығар­ма­шылығы және құқықтық заңдар, со­ның ішінде қазақтар­дың дағды­лы құқығы зер­де­ленді; орыс-қазақ мек­тептері мен кітап­ха­налар ашыл­ды. Қазақтар өз ба­лала­рына білім бе­руге ұмты­лыс жа­сап, ба­лала­рын ка­дет кор­пуста­ры бар Ом­бы мен Орын­борға жібе­ру үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты.

Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазактың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (02.03.2015)
Просмотров: 1027 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]