Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қазақ ойшылдарының діни философиялық ойлары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 
 

Қазақ ойшылдарының діни философиялық ойлары слайд,презентация

 

 

 

 

 

   Сонау Қорқыт Ата заманынан бастап кең байтақ қазақ даласында талай ғұламалар өмір сүріп, әлем мен адамның түпкі сырын ашуға талаптанған, тіршіліктің мәнін іздеп, құдіретті күштердің  ықпалын талдауға ұмтылған. Міне сондай әр  түрлі бағыттарға, салаларға бөлінген дүниетанымдық ізденістердің  бір көрінісі – діни философия. Орта  ғасырдағы діни дәстүрдің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Иасауи ерекше тұлға ретінде халық ділінде сақталған. Сыр бойының топырағынан жаралған әр түрлі ойшылдардың арасынан Әбу Насыр әл Фараби философиясы бірқатар жүйеленіп келе жатқан ғылым болса, ал Қожа Ахмет Иасауи еңбектері (хикметтері) енді-енді зерттеушілердің назарына ілініп жан-жақты зерттелуде. Оның өлеңдері кезінде халық арасына кең тарап, ауыз әдебиеті түрінде өмір сүріп келген.
     Түркістанның  ұлы шейхы туралы  халық зердесінде  көптеген  аңыздар  қалған. Фольклорда аңыздардың  әр түрлі варианттары  түрінде көрініс беруі заңды  құбылыс. Осы аңыздардың біразы соңғы уақытта  кейбір ғылыми-көпшілік  шығармаларда жинақталған. Сөйтіп, Қожа Ахмет Иасауи  тек өз заманы үшін ғана емес, ол бүкіл түркі әлемі үшін де көптеген ғасырларға   мұсылман дүниесінің   түркі   заманындағы харизмалық тұлғасы болып қала берді. Осы жерде біз діни мағынадағы «тәуба» ұғымына зер салғанымыз жөн. Себебі, Иасауидің шығармашылығында «тәубалық» ұғымы үлкен орын алады. Тәуба – жолдың басы, осы шариғатқа деген жеңіл-желпі қатынастан арылып, шынайы өзіндік жаңғыруға бетбұрыс жасау болып табылады. Адамның ішкі жан дүниесінде болып жататын құбылыстардың негізі ақырында тәубашылыққа сүйенуі тиіс делінген.
     Сонымен қатар олар  фольклордың бағыт-бағдарын анықтаушы рөлді де  атқарған. Әрбір классикалық шығармаға тән қасиетке ие «Диуани  хикмет»  қазіргі заманның өзінде құндылығы мен өзектілігін жоғалтқан емес, бұл еңбекте қойылған мәселелер адамның рухани дамуындағы, этикалық әлемін ұйымдастырудағы биік белестер болып қала бермек. Үлкен, кіші адамдардан әдеп кетті, Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті. “Ұят барда иман бар” деп Расул айтты, Арсыз қауым бүлдіріп кетті, достар. Мұсылман мұсылманға болды қатал, Нақақ істеп хақ жұмысын бұзды батыл. Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын, Ғажап сұмдық замана болды, достар. Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанмен де Қожа Ахмет Иасауи айтқан «ар», «ұят», «әдеп», «әділеттілік» сияқты руханилықтың  мәңгілік категориялары өз құнын ешқашан жоймақ емес. Бұл ұғымдар қоғамның формациялық тұрғыда қандай сатыда тұрғанына, қандай өркениеттің өкілі екеніне қарамайақ адамдардың руха- ни дидарын байқатушы негізгі белгілер болып қала бермек. Ар мен ұят құнсызданатын болса, онда заманның әлеуметтік   болмысы   өркениеттік дамудан алшақтай, халықтың   өмірі  тұрпайылана түседі. Міне, осындай кезеңдерде  рухани  дамудың  жақтаушысы  ретінде әлеуметтік  сахнаға  кемеңгер ойшылдар  шыға бастайды. Осы тұрғыдан алғанда Қожа Ахмет Иасауи тұлғасы кездейсоқ құбылыс емес, ол әлеуметтік өмір қажеттілігінен туындаған халықтың қалаулысы. 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (03.04.2015)
Просмотров: 931 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]