Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Акционерлік қоғам слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Акционерлік қоғам слайд,презентация

 

 

        Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады. 
                  Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.Акционерлік кәсіпорынның тең иеленушісі; белгілі бір табысты алуға және істерді басқаруға қатысуға құқық беретін акциялардың иесі. Акционерлік қоғам
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнынын шегінде, қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Іс жүзінде иелену оның иесінің компания акционері ретінде заңдық құқын қуаттайтын акция түрі. Ұсынушыға берілетін акцияның атаулы акциялардан айырмашылығы, жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпестен, құнды қағаздар рыногында оны еркін сатып алуға және сатуға болады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (26.03.2015)
Просмотров: 1158 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]