Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қайта өрлеу дәуірі философиясы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Қайта өрлеу дәуірі философиясы слайд,презентация

 

 

Ерекшеліктері: 1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі – Адам, ол космостық болмыстың негізгі звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы ретінде карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды; 2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды; 3) Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды; 4) Философиялық ой өнермен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғи негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін де игере алады. Ренессанс адамы – шығармашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығына да, ой сұлулығына да жете алады. Адам – дүниедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). Осы эстетикалық негіз Өркендеу философиясына ерекше мазмұн берді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі асқақтатылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін аса қүнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі; 5) Ренессанс философиясына гуманизм – адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мой-ындайтын көзқарас тән
, Джордано Бруно: табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді,-деді тағы бір пікірінде :философиялық танымның мақсаты құдайды емес, табиғатты танып білу деді, себебі, табиғат әлем шексіз
Кузнецтің пікірі бойынша:«Құдай дүниені жаратқанда бәрін өлшеп, санап, таразыға салып жаратты»-делінген
Кампанелла: гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универ- сумға қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз – жердің тері».
Үшіншісі — (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (07.04.2015)
Просмотров: 1072 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]