Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Ағынды суларды тазарту әдістері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ағынды суларды тазарту әдістері слайд,презентация

 

 

 

Механикалық тазарту қалдық сулардағы   гравитациялық күштерінің әрекетімен үлкенірек тығыздығы болғанда,   тұнбаға түскен ерімейтін өлшенген  бөлшектерді, немесе  тығыздығы  кішірек ерімейтін  өлшенген бөлшектердің қалқып  щыққандағы бөлшектерді  тазарту  үшін  пайдаланады.
Физика - химиялық  тазарту олардың  физикалық күйлерін өзгертуге  негізделген, соңдықтан  олардың қалдықтардан  алып  тасталуын  жеңілдетеді. Ол мына  әдістермен жүзеге  асырылады: коагуляция, флокуляция, сору, флотация, экстрация, иондық  алмасу, тұндыру, тазарту, т.б
Химиялық  тазарту  ластанған заттардың  пайдаланған  реагенттермен реакцияға  түсетін  әдіс. Нәтижесінде ағынды сулардан жеңілдеу  жаңа заттар  құралады. Мұндай  химиялық  бейтараптандыру тазарту  әдісі  кең  таралған.
Бейтараптандыру химиялық әдіс,  қышқыл заттар мен  сілтілік заттардың  арасындағы  химиялық  реакция. Ол үшін  қышқыл және  сілтілік қалдық суларды  араластырады,  немесе  реагенттерді  қышқыл, сілтілік, кальций  содасы, аммиак   ерітінділері  түрінде қолданады, 
Биохимиялық  тазарту  әдісі  органикалық  қоспалардың  микроорганизмдердің  көмегімен  тотығуы кезінде,  өздерінің   тіршілік әрекеттерінің процессінде,  олардың  минералдарға  ыдырауынан  тұрады.  
Қыздырып  тазарту  әдісі  жоғары деңгейлі қалдық  суларда,  сонымен  бірге органикалық  улағыш заттар бар болғанда  пайдаланылады.
Бактериологиялық әдіс  ластанған қалдық  суларды зарарсыздандырады. Олар бактерия жойғыш шамдардын көмегімен, хлорлаумен, оттегінің  көмегімен және т.б тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның ішінде хлорлау  тәсілі  кең таралған.

Шаруашылық-тұрмыстық  қалдық  сулардың ластанудың түрлері, олардың ластануына  қарай  фекалды, ластанған  физиологиялық қоқыстармен; және шаруашылық  шомылғы, монша сулары, кір жуғаннан кейінгі сулар, т.б. Шахталық  және карьер суларымен салыстырғанда шаруашылық сулары органикалық  заттармен  көп ерекшеленеді. Оларда өлшенген  қалдық бөлшектер,  мұнай өнімдері және т.б.  ұшырасады.  Бірақ бұл суларда  шахталық, карьердік  суларға  қарағанда минералдылық,  қаттылық  әдетте  кем.
Атмосфералық  қалдық  сулар  жаңбыр және қар сулары болып бөлінеді. Көпшілік жағдайда  қар  сулары, жаңбыр суларына  қарағанда  көбірек  ластанады. Бірақ негізінен  алғанда атмосфералық  қалдық  сулар  құрамдары  жағынан, су  қойнаулары жағынан, қасиеттері  жағынан тұрақсыз  болып ерекшеленеді.


Механикалық  тазартудан  кейін  шаруашылық  тұрмыстық қалдық  суларда   хлордың есеп айырысу  үлесі 10г/м3,  ал  биологиялық  тазартудан кейін  35г/м3 құрауы керек. Хлордың  қалдығы,  хлор  мен  қалдық  су  араласқаннан кейін  30 минуттан соң  коли индекстің  1000 аса емес  жетістігі  үшін кемінде  1,5 мг/л болуы керек. Шахталық, карьердік сулар үшін  хлор  қалдығының шамасы  санитарлық қадағалау органдарымен  әр  нақты  жағдайларда  анықталады, бірақ хлор мен қалдық сулардың  араласуының  арасы  30 минут болуы керек. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (26.03.2015)
Просмотров: 3406 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]