Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Отан өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ОТАН

Отан! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем? 
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
 Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз, 
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды. 
Өзін өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз —
Нағыз сорлы панасыз?

Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім)
Екі Отан жок,
Жалғыз Отан — мекенің.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (09.12.2016)
Просмотров: 577 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, отан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]