Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Ормандағы кірпілер
20:10
Ормандағы кірпілер

Күні:
Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Ормандағы кірпілер 
Мақсаты:      1.Балаларға ермексазды пайдаланып,кірпіні мүсіндеп үйрету.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   кірпінің суреті.
Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз ермексаздан орман кірпісін мүсіндеп үйренеміз! 
V Жаңа сабақ           
 Жұмбақ:              Үсті-басы түрпі
                              Тышқан аулар... (кірпі)
            Балалар жұмбақтың жауабын айтуға көмектеседі.Балаларға орман жануарларын көрсетіп,әңгімелеу.Кірпінің мүсіндеу жолын көрсетіп,түсіндіру.
1.    Сұр түсті ермексазды домалақ қылып айналдырамыз.Біржақ шетін үшкірлеп кірпінің басы мен денесін шығарып аламыз. 
           2.Қара ермексаздан көзін,мұрынын жасаймыз.
           3.Қара ермексаздан арқасындағы инелерін жасаймыз.                                                          

Сергіту сәті:     Қуыр-қуыр қуырмаш
                           Балапанға бидай шаш
                           Әй-әй балақай 
                          Жамандықтан қаш
VI Пысықтау
 -Балалар кірпінің тұрі қандай болады ?
-Ол қайда өмір сүреді ?
-Күзде қандай азық жинайды ?
-Ол азықты қалай тасиды ?

VII Бекіту
           Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен кірпінің мүсінін жасайды.

VIII Бағалау
            Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 268 | Добавил: Admin | Теги: Ормандағы кірпілер, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]