Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Өресі биік өр тұлға ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

04.03.2016, 19:50

Сабақтың тақырыбы: Өресі биік өр тұлға
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік 
Ш.Смағұловтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы ақпарат беру, ғалымның еңбектерімен таныстыру;
Ә) Дамытушылық
Ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, өзіндік сыни көзқарасын дамыту, оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу;
Б) Тәрбиелік 
Ұлы ғалым ісінен өнеге алуға, топтасып жұмыс істеуге, бір – бірінің пікірін дамыта отырып, өзара сыйластыққа үйрету.
Сабақтың түрі:ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, миға шабуыл әдісі.
Көрнекіліктер: Ғалымның портреті, слайд, бейнеролик, математикалық есептер.
 
Сабақ барысы
1.    Ұйымдастыру кезеңі
 а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
б) Сабақтың тақырыбын, жүрісін таныстыру.
Құрметті оқушылар, Алматы қаласында жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамытатын, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыратын  мекеме орны, бірінен-бірі асып өтетін мектептер саны өте көп. Сол мектептердің бірі өздерің білім алып жүрген Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты. Біздің мектептің мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру стандарттарында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету. Әр мектептің өзіндік өсу жолы даму тарихы бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпанындағы №195 қаулысымен мектеп-интернатқа Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Шалтай Смағұлов есімі берілді. (Экранға назар аударайық. Слайд.)
2.    Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 
Оқушылар, жаңа ашылған сынып болған соң бізге жаңадан оқушылар келді. Тіпті ҚХР-дан келген оқушылар бар. Осы мектеп жайлы кімнен, қайдан білдіңіздер?
Миға шабуыл әдісі
Оқушыларды 3 топқа бөліп, математикадан есеп беру. Есеп жауабына сәйкес тарихи маңызы бар оқиғаларды тізбектеп айту.
Бейнеролик
Ой шарықтату
Үй тапсырмасы (мектеп тарихы, ғалым Ш.Смағұлов өмірі мен шығармашылық жолына байланысты қызық деректер тауып келу)
Абзал азамат туралы естелік. Сөз кезегі ғалымның қарындасы, аяулы ұстаз, саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкіртінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі – Лина Молдаханқызына беріледі.
Ән шашу «Алға қазақ жігіттері»
Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ,-деп А.Байтұрсынов айтпақшы , мектебіміздің биік жетістіктеріне жетуіне мол септігін тигізген әділ басшы,саналы ғұмырын  жас ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстазымыз Әділ Әбілдаұлына сөз беріледі.
Қорытынды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin | Теги: ашық сабақ, Өресі биік өр тұлға
Просмотров: 338 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]