Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Өмір жайлы өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ӨМІР ЖАЙЛЫ

Өмір жайлы сұрай берме сен менен 
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. 
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, 
Қан майданнан жалғыз ұлы келмегең.

Жесір келін, бір нәресте көрмеген, 
Жетім шалды бала орнына тербеген. 
Өмір жайлы не түсінем мен деген... 
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар, 
Өміріне кегі кеткен, өлмеген. 
Жалған айып таңылғанда көлденең, 
Ақикаттың аппақ туын бермеген.

Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді?
Неге ақылды ақымақтан жеңілді, 
Біреу жылап, біреу неге көңілді?


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (26.11.2016)
Просмотров: 95 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Өмір | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]