Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 24.3.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы

В разделе материалов: 72
Показано материалов: 61-70
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 »

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҒАШЫҚТЫҚ, ҚҰМАРЛЫҚПЕН - ОЛ ЕКІ ЖОЛ

Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол, 
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. 
Сенен артықжан жоқ деп ғашық болдым, 
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Көңілімнің рақаты сен болған соң, 
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, 
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 304 | Добавил: Admin | Дата: 09.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ — АҚЫЛ ЗЕРЕК

Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек, 
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. 
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, 
Бұл - қайраттан шығады, білсең керек. 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың едден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. 

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 825 | Добавил: Admin | Дата: 09.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

КӨКБАЙҒА

Бұралып тұрып, 
Буыны құрып,
Қисайта тартып мұрының; 
Әсемсіп, сәнсіп,
Білгенсіп, бәлсіп,
Әр нәрсенің орынын.
Керенау, кердең, бір керім, 
Жақпайды маған сол жерің.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 210 | Добавил: Admin | Дата: 08.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ІШІМ ӨЛГЕН, СЫРТЫМ САУ

Ішім өлген, сыртым сау, 
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос — ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?! 

Өз үйінде өзендей 
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбендеп, 
Шабан, шардақ және шау. 

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 355 | Добавил: Admin | Дата: 08.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ

Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп, 
Ауылдың жаны терең сай, 
Тасыған өзен күрілдеп.

Калың ағаш жапырағы 
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы, 
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 240 | Добавил: Admin | Дата: 07.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЕСКІЛІК КИІМІ

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен, 
Тон қабаттап кигенім — шидем шекпен. 
Жейде-дамбал ақсаңнан, жарғақшалбар, 
Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 186 | Добавил: Admin | Дата: 07.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘР НЕГЕ

Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалаң!

Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 265 | Добавил: Admin | Дата: 06.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.

Ол тілге едік оңтайлы —
Каріпсіз біліп сондайды. 
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 250 | Добавил: Admin | Дата: 06.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҚЫС

Ақкиімді, денелі, ақсақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жаңды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — кыс келіп, әлек салды. 
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, 
Аязбенен кызарып ажарланды.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 179 | Добавил: Admin | Дата: 05.11.2016 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЖАЗҒЫТҰРЫ

Жазғытұры калмайды қыстың сызы,  
Масатыдай құлпырар жердің жүзі. 
Жан-жануар, адамзат анталаса, 
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл кұсымен, 
Жайрандасып жас күлер құрбысымен. 
Көрден жаңа түрғандай кемпір мен шал, 
Жалбандасар өзінің тұрғысымен.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 364 | Добавил: Admin | Дата: 05.11.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 41-50 51-60 61-70 71-72