Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 23.2.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы

В разделе материалов: 72
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 7 8 »

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ӘКЕМЕ


Сонымен құладың ба, тас қамалым, 
Қалмады күйініштен басқа амалым,
Зиратың аяқ асты болмасын деп, 
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым.
Әке, сенің өміріңді жалғамасам, 
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 147 | Добавил: Admin | Дата: 02.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

МЕН СЕНІ САҒЫНҒАНДА

Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарға. 
Қарсы қарап жүземін ағындарға, 
Кеудемде қимылдаған жаным барда.
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.

Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап,
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық, Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 158 | Добавил: Admin | Дата: 02.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

АПЫРМАЙ, ТУҒАН ЖЕР-АЙ

Апырмай,
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім. 
Кіндігімді байлаған қазығым-ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.

Жат көзімен қарайды адамдарың, 
Жақын тартар құрбы да таба алмадым. 
Жас отаудың есігін ашып қалып, 
Айлам құрып, қайыра жаба алмадым...

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 215 | Добавил: Admin | Дата: 01.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ТАБИҒАТ

Табиғат, Жанымды алсаң, Алшы менің.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім. 
Мұқағали жоғалса кайтер дейсің, 
Артымда қалсын жерім, Қалсын елім.

Мен де бір жүріп кеткен сағымдаймын, 
Қалдыр деп, Саған, сірә, жалынбаймын.
Мәңгілік мекеніме жету үшін,
Күніне қаншама рет адымдаймын.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 148 | Добавил: Admin | Дата: 01.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

АВТОГРАФ

Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба?
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, 
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

Түсінер ең,
Езбін бе, әлде ермін бе?
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара, 
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 185 | Добавил: Admin | Дата: 30.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ЖАЛАҢ АЯҚ ҚЫЗ

Төпеп тұрған нөсерге карамай-ақ,
Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. 
Жалтыраған әдемі топылайын,
Кім біледі, жауыннан барады аяп.

Ойнақтаған далада қара көзім,
Еске түсіп кетті ме бала кезің?
Елең қылмай ешкімді барады өзі, 
Жалаң аяқ жүргендей дала кезіп, 
Еркін ұстап елігім барады өзін.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 145 | Добавил: Admin | Дата: 30.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

НАУРЫЗ

Акпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып, 
Қыс барады қиылып, жылап тұрып. 
Шатырында үйлердің наурыз жүр,
Мұз көргісін акпанның лақтырып.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 122 | Добавил: Admin | Дата: 29.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

НЕГЕ ЖЫЛАМАСЫН?!

Неге жыламасын?! Бәрісі де жылаған,
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. 
Түнек болып келе жатқан тажалға, 
Аттануда, аттануда тірі адам.

Жылап жатыр. Өбісуде еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір-жер. 
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер, 
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 135 | Добавил: Admin | Дата: 29.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

БОЗҚАРАҒАН

Бозқараған...
Көрдің бе бозқараған?
Сирень исі аңқиды боз даладан.
Бозқараған - тікенек, тікенге өскен 
Сирень гүлін ешкім де қозғамаған. 
(Соның аты, біздіңше - Бозқараған.)

Қара судың жағасы бозқараған, 
Бозқараған бұтағын қозғама адам. 
Бозқараған ішінде бойжеткенге, 
Бозбалалар бозарып көз қадаған.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 116 | Добавил: Admin | Дата: 28.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

КӨКТЕМ ДЕ КЕЛЕР

Көп кешікпей көктем де келер енді, 
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге, 
Келер көктем, білмеймін, не береді?

Көп кешікпей көктем де келер енді, 
Көгереді ауылдың төңірегі.
Ерте кеткен досымның қабірі тұр, 
Келер көктем, білмеймін, не береді?

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 178 | Добавил: Admin | Дата: 28.11.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 ... 61-70 71-72