Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 21.2.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы

В разделе материалов: 72
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 7 8 »

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

АҚПАН

Ақпан, ақпан, Қыс әлі.
Ақ түтек аяз қысады,
Арылмай жатыр даладан 
Ақсақал қыстың құшағы.

Аппақ қар тақтақ жолдарда 
Жақсы аттар, шана заулайды. 
Адыр мен қырқа, жондарда 
Ал қызыл түлкі аунайды.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 149 | Добавил: Admin | Дата: 17.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

КҮН ҰШЫП КЕЛЕ ЖАТЬІР

Таң атып келе жатыр,
Қарсы ал, жаным!
Қарсы ал, жаным!
Қанып іш таң саумалын.
Кешегі өткен күнмен өртеп жібер, 
Өткерген өкініштің бар салмағын.

Ай, жұлдыз абыр-сабыр араласып,
Түн кетті шымылдығын ала қашып. 
Жарқын өмір жарықсыз қалды ма деп, 
Күн ұшып келе жатыр,
Далаға шық.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 104 | Добавил: Admin | Дата: 17.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

СӨЙЛЕП ТҰРҒАН МОСКВА

Сөйлеп тұрған менің Москвам, 
Жаңғыртып даусы жер-көкті. 
Оянып күнде даусынан, 
Бастайды халқым еңбекті.

Москвам үндеп жырлайды, 
Достықтың жолын жаттаймыз. 
Әлемде соғыс болмайды, 
Тыныштық өмір сақтаймыз.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 129 | Добавил: Admin | Дата: 09.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ОТАН

Отан! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем? 
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
 Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз, 
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды. 
Өзін өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз —
Нағыз сорлы панасыз?

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 219 | Добавил: Admin | Дата: 09.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ИНТЕРНАТЫМ — МЕКТЕБІМ

Оқимын ордамда, 
Интернат — мектебім. 
Азамат болғанша,
Аларым көп менің.

Аяулы мекенім,
Оқимын, жетемін.
Туған жер, кей-кейде, 
Сағынып кетемін.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 205 | Добавил: Admin | Дата: 06.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

МЕКТЕБІМЕ

Мектебім — айтар әнім, 
Сан рет қайталадым. 
Өзіңнен алғанымды 
Өзіңе қайтарамын.

Мектебім, қия алмаймын, 
Көп нәрсе қиялдаймын... 
Мәңгілік оқушың боп, 
Қалуға ұялмаймын.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 446 | Добавил: Admin | Дата: 06.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

БІЗДІҢ ҒАНИ

Жаңа заман басталды, 
Жалындаған жастарды 
Әділдіктің ісі үшін 
Ғани аға бастады.

Жайдары жаз, жаны игі 
Біздің ағай Ғаниды,
Жас ұландар бүгін де, 
Жетекші деп таниды.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 139 | Добавил: Admin | Дата: 05.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ӨЛЕҢ ДЕГЕН ТУМАЙДЫ ЖАЙШЫЛЫҚТА

 

Өлең деген тумайды жайшылықта, 
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан 
Күнделікті тірлікке бой суытпа.

Айшылық жол... Шөлдейсің, зарығасың,
Армандайсың, аңсайсың, сағынасың. 
Жол азабын көресің, көресің де 
Ашынасың, біресе бағынасың.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 160 | Добавил: Admin | Дата: 05.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

СӘБИ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

...Құс та болғым келмейді! Қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған. 
Сәби болғым келеді, сәби болғым, 
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.

От та болғым келмейді! Жылуым бар,
Жылуым бар, керек пе жылыныңдар. 
Әлди болғым келеді, әлди болғым – 
Күн сәулесі ойнақтап тұлымында, 
Отыратын анасы кұлынымдап.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 183 | Добавил: Admin | Дата: 03.12.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

МЕН-ДАҒЫ ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙМЫН

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін, 
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, 
Жаралы жүректерді емдеу үшін.

Ермек үшін белгілі жырламасым,
Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын. 
Өтсем болды арқалап адамдардың 
Қуанышын, шаттығын, мұң-наласын.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 132 | Добавил: Admin | Дата: 03.12.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 ... 61-70 71-72