Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Өлең деген тумайды жайшылықта өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ӨЛЕҢ ДЕГЕН ТУМАЙДЫ ЖАЙШЫЛЫҚТА

 

Өлең деген тумайды жайшылықта, 
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан 
Күнделікті тірлікке бой суытпа.

Айшылық жол... Шөлдейсің, зарығасың,
Армандайсың, аңсайсың, сағынасың. 
Жол азабын көресің, көресің де 
Ашынасың, біресе бағынасың.

Даламенен жүресің, тау асасың, 
Сезесің биігін де аласасын.
Кенезең кепкенде бір лай суға 
Кез келген мақұлықпен таласасың.

Сапар ұзақ. Тағы да аяңдайсың,
Алыпқашпаң басылып, баяулайсың. 
Ел шетіне жетесің, жетесің де 
Көргеніңнің бәрісін баяндайсың.

Міне, осылай өлеңнің кілті деген, 
Құйттай жүйкең қалмайды сілкімеген. 
Аттанам деп алысқа, айдалада 
Адаспайтын болғай-ды шіркін өлең.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (05.12.2016)
Просмотров: 380 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, тумайды | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]