Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 27.7.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Ол шақты қайтем өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ОЛ ШАҚТЫ ҚАЙТЕМ

Көлшікте, біздің іргеде,
Бақаның хоры басталған.
Күнде де, айлы түнде де,
Сорғалап нүр түр аспаннан.

Қоңыр үй. Тозған. Қазақы, 
Болмайтын онда терезе.
Тозбайтын еді ғажабы,
Шаңырақ, уық, кереге.

(Ол шақты қайтем мақтап құр)
Ши ұстаушы едік есікке.
Жамырап келіп аппақ нүр, 
Жармасар еді тесікке.

Сандаған сығыр сәуледен,
Панамыз түрар жарық боп.
Үміткер болып әрнеден, 
Маужыраушы едік қарық боп.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (20.11.2016)
Просмотров: 260 | Теги: өлеңдер, Ол шақты, Мұқағали | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]