Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 19.11.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 30 » Ою-өрнектер сыр шертеді балабақшадағы ашық сабақтар
17:13
Ою-өрнектер сыр шертеді балабақшадағы ашық сабақтар

Ою-өрнектер сыр шертеді

 

                       Шымкент қаласы, №46 «Ақбөпе» бөбекжай 
                        балабақшасы. «Шаттық» мектепалды даярлық 
                        тобының тәрбиешісі Д.А.Қарабаева

Сабақтың тақырыбы: «Ою-өрнектер сыр шертеді».
Білім саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным». 
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту,  жапсыру, құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының әдет –ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру. Балалардың қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылық қабілетін  дамыту.
Білімділік: Балаларды  ою - өрнек түрлерімен таныстыру. Ою - өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып балалардың шеберлігін ұштау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтауын, жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.  Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, сұлулыққа                  жинақылыққа назар аудара отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сызу, қию, жапсыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұлттық ою- өрнектер, киіз үлгісі, ою- өрнектердің сызбасы, түрлі- түсті картондар, жіптер мен қағаздар, құм терапиясы,  желім, түрлі- түсті жіптер, трафарет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу. 
Іс-әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

Ізденістер ұйымдастыру

Рефлективтік қозғаушы

Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық
Таза ауадан дем алып
Жүрек жылуын алайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.
Жылулық шеңбері:
-Аспанымыз ашық болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Балабақшамыз жайнай берсін!
-Күніміз сәтті болсын!
-Балалар барлығымыз орындарымызға жайғасайық. Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Ою- өрнектер сыр шертеді».
-Балалар, әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ою- өрнектері. Ертеде ою- өрнек арқылы бір нәрсені біліп, үйренуге болған, ол бір мағына ұғымды берген. 
Мысалы мына бейнетаспадағы көрініске назар аударыңдар. Бейнетаспада ұлттық ою- өрнектер туралы қысқаша шолу.
-Қане, балалар ою өрнек туралы не білесіңдер?

Ою- өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?

-Жарайсыңдар, балалар енді осы ою-өрнек туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?

Ғажайып сәт:
Шет елден  қонақ кіріп келеді. Балалармен амандасады. 
- Балалар ағылшын тілін білеміз бе?
Ағылшын тілінде бірнеше сұрақ – жауап жасап алып келген ойынды ойнауға ұсыныс жасайды.
Greetings:
-Good morning children!
Логикалық ойын:
«Ненің суреті жасырылған?»
Ойынның шарты: жасырылған суреттерді тауып, атын ағылшын тілінде айтып береді.

Интербелсенді тақтамен ою-өрнек туралы жұмыс. 
Бейнетаспада бота, құс, арқар, түйе бейнелері көрсетіледі. Балалардан қандай ою келіп шыққанын сұрайды.
- Children, I have heart that you are very cleaver. So I brought some game. Shall we play together?
- Teachers action:
- Show the game on the inter-active desk: What do you think what is could be?
- Teacher: Exactly! What about next one?
- Good! This one?
Well done you! Any idea for last picture.

- Excellent! Now, please, tell me Kazakh national patterns, relating to these animals.

- Oh I didn’t mishear then. You are cleaver. Ok, Thank you so much.
- Good bye children!

-Балалар, біздер осы ою- өрнектерді көзімізбен көру үшін ауылға әндетіп ауылға барайық. Әжеміз біздерді ауылға текемет тоқуға, басқұр жасауға көмектесуге шақырған.
- Балалар ауылға сергіту жаттығуын жасап әндетіп барады.

Сәлеметсізбе әже?Біздің балалар сізге көмекке келді?
Әже: Амансыңдар ма балаларым. Жолдан қиналмай жеттіңдер ме?
Сендердің қадамдарың құт болды, осы ою - өрнектердің сырын білуге қонағымызға  бар білгендеріңді бірге айтып ою- өрнек туралы түсінік берейік.
Өнерді- таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім.
                                      Ә. Қастеев
Мынау: кілем
Мынау: қоржын, текемет
Балалар,  қараңдаршы қандай әсем бұйымдар.
Қалай безендіріліпті?

Дидактикалық ойын:
«Затты безендір» Үш топқа бөлу.
Ою- өрнектермен түс киізді безендіру.

1-ші топ: интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды. Трафаретпен қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен ою-өрнектер салады.

2- ші топ: киізге ою-өрнекті жапсырады.

3- ші топ: түрлі-түсті жіптерді жапсыру арқылы басқұр жасап киіз үйдің жоғарғы жағына іліп қояды.

Түрлі- түсті құммен  ою - өрнектің ішін  безендіреді.

Ойын: «Жалғастыр ойыны» сөйлемдегі  түсіп қалған сөзді толықтырып жазу.
Ойлана білмеген ою оя ...  
Талаппен бастап,..... аяқта 
Өнер – таусылмас азық, жұтамас... 

Ағылшын ой балалар, қандай білімді едіңдер мен ою -өрнек туралы біраз нәрсе біліп алдым мен еліме барып қазақ халқының ою- өрнегі туралы айтып беретін боламын.

Қорытынды:
- Қане балалар, сендердің жасаған заттарыңдағы ою- өрнекті атап беріңдерші?
Әдемі жасалған заттарға баға беріп мақтап –мадақтайды.
«Өнерлерің өрге жүзсін, өркендерің өссін. Үлкен азамат болыңдар!»
Сау болыңдар!

Өлең жолын оқу арқылы сабақты қорытындылау.

Ою -өрнек ұлттық сана оятар,
Ою -өрнек үнсіз ғана ой айтар.
Ою- өрнек шеберлікке жетектеп,
Білгеніңді қажетіңе жаратар.
Назарларыңызға рахмет.
    Балалар шаттық шеңберіне тұрып сәлемдеседі.

Жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар бейнетаспаны тамашалайды.


Ою - өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою - өрнек.
Өсімдік типтес ою – өрнек өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні, негізгі элементтері көрінеді.

Зооморфтық ою - өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, яғни аң, құс, балық т. б. түрлі жәндіктерді және олардың мүшелерін бейнелейді.

Космогониялық өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, шимай т. б. құралады.

Геометриялық өрнек. Балдақ, тұмар. 

Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпірқосақ.

Заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ.

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Шебердің қолы – алтын.
Шешеннің сөзі – алтын.

Ою ойған сызу да сызады.

Шешеннің тілі- шебердің бізі.

Өнерлі бала- сүйкімді.

Өнер көзі – халықта

Өнер – өлмес мұра.

Greetings:
-Good morning

Ағылшын тілінде:
Түйе – Camel
Құс – Bird
Қошқар – Ram
Қаз - Goose
- Oh, yes!

- It’s a bird
- It could be a camel
- It’s a Ram
- Oh it should be goose

Ою-өрнектердің аттарын ағылшын тілінде атайды.

- For example
Қошқар мүйіз – ramhorns,
Құс қанат – birdwing,
Түйе табан – camelfoot
Қазмойын – goose neck

- Good bye!

Сергіту сәті.
Барлығы қимылмен әндетіп айтады.
Ал балалар, тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
«Қой ізі» мен «қос мүйіз»,
«Қарға тұяқ», «Құс қанат»
«Бүршік» пен «Гүл» әдемі
Ою- өрнек әлемі.
Әжемізге барайық, сәнді өрнек салайық.

Ия, бұл бұйымдарда қошқар мүйіз, қазмойын, гүл, тарақ, бота көз ою-өрнектерімен өрнектелген

-Түйетабан, қаз мойын, қызғалдақ оюлары.

1-ші топ: түскиізді интеракивті тақтада оюлармен безендіреді түскиізді трафаретті қолдану арқылы түрлі- түсті бояулармен ою-өрнек салады.
 
2-ші топ: киізүйдің ішіне  әжемен бірге түскиізді жасап іледі.

3-ші топ: жіптерді жапсырып басқұрды  безендіреді.

білмейді
талғаммен
жұтамас байлық

жасаған бұйымдарын атап өтеді.

Біздің топта ұл - қыздар,
Тату- тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 365 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақшад, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]