Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 30 » О дыбысы мен әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер
15:09
О дыбысы мен әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер

О дыбысы мен әрпі

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:о дыбысы мен әрпімен балаларды таныстыру.Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау,О дыбысын дұрыс дыбыстатып,оның таңбасын-әрпін таныту,о дыбысы бар сөз,сөйлем ойлату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.Жазуға қолдарын жаттықтыру.  
Әдіс –тәсілдер:сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.
Көрнекіліктер:мазмұнды сурет,кеспе әріптер,сызба кесте.
Жаңа сабақ  Оо дыбысы мен әрпі
Ұйымдастыру кезеңі.
І.Балалар  бүгін біз О әрпін өтеміз.О дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау(Ою,орындық. )
О қандай дыбыс? (дауысты дыбыс)
Суретке қарап балалардың қолындағы заттар о әрпінен басталатын айту талдау
ІІ.Алма ағашы бағына барайык ойын ойнайык.Алманы алып артындағы суретті көреміз.
ІІІ.Сергіту сәтін өткізу
Оң қолымды –бес саусақ,
Сол қолымда –бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел,санайық ал мұны
Нешеу болды барлығы?
ІV. Дәптермен жұмыс
Торғай сөздерінде дыбыстық талдау жасау.О о әрпін жазба түрінде жазу.
 V.Балалар қалай оқи алады екен,көрейік-деп сауат ашудан мын сөздерді оқиды.(ой.той,тор,ол,тол, ойна, ойна, Айша.т.б.)Балалар сөздерді оқып,оларды қатыстырып,сөйлем құрайды.
Қорытындылау   
Балалардан  О әрпінен басталатын тақпақтар сұрау
 О дыбысы дауысты ма? 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 25 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақшад, ертеңгіліктер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]