Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Компьютерлік желілер реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.01.2016, 18:27

Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе үйымдар тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Үлттық банкінің желісі — Banknet, негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кезкелген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкіндіктері бар.
Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіреді.
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлінеді. Ақпараттық ресурстарга программалар және деректер , ал техникалықтарга — принтерлер, модемдер, сканерлер, график салгыштар кіреді. Ақпаратты сақтау қүралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар жөне деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жасалғаңцай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті жөне ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл — жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және, керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз. 
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.
Есептеу желілері желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.
Желілік ОЖ пайдаланушыларға желінің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
•    ақпаратты өңдеу процесінің   нақты бір компьютерден
тәуелсіздігі;
•    желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты
қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
•    ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылауы;
•    ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
•    үйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында
жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 225 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]