Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 24.11.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Неге жыламасын өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

НЕГЕ ЖЫЛАМАСЫН?!

Неге жыламасын?! Бәрісі де жылаған,
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. 
Түнек болып келе жатқан тажалға, 
Аттануда, аттануда тірі адам.

Жылап жатыр. Өбісуде еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір-жер. 
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер, 
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер.

Боздақтарын аттандырған шақтарда, 
Боздап еді-ау, боркемік боп қарттар да.
...Бір орманның бір түп өндір шыбығын, 
Тиеп алып, күнбатысқа тартты арба.

- Ал енді сен азаматсың! - деп маған, 
Арбасына отырды да кетті ағам.
Тағы да бір қайрылмас па екен деп, 
Тозаңдатқан қара жолды бетке алам.

Қайрылмады. Олар ұзап барады.
Ән естілді. Әлдиледі даланы.
Қарап тұрмын. Құйын болып ағады,
Қара жолмен    Көршіміздің Жанары.

(Талай рет хат апарып бергем-ді),
Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді. 
Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді, 
Қайсар қыздың қылығына ел көнді.

Қайранаға!.. Қайсар жанды таңдапты,
Қарсы ұшты. Жұрт күрсінді салмақты.
Екеуінің араларын шаң жапты,
Екеуінің ортасында жау жатты...


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (29.11.2016)
Просмотров: 259 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, жылама | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]