Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 23.6.2018
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

В категории материалов: 51
Показано материалов: 41-50
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ҚЫРҚЫНШЫ ЖЫЛДАР

Рас, қайғы-қасіреті бар қаатаған,
 Ғұмырлар бар батқан және батпаған 
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер 
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 444 | Добавил: Admin | Дата: 21.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

МЕН СЕНІ ҰНАТАМЫН

Мен сені ұнатамын,
Дегенменен,
Басқадан көрмегенді сенен көрем. 
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Бір күні ғайып болсам егерде мен.

Басқадан көрмегенді сенен көрем, 
Сен биікте жүрсін деп төмендегем. 
Кім екен мені өзіңе дуалаған?!
О, тоба!
Мен неғылған өлермен ем..

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 666 | Добавил: Admin | Дата: 21.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ

Нұр жауып тұрған көктемде, 
Гүл тере барсаң бөктерге, 
Қоңыраулатқан аспанды 
Найзағай шаншып өткенде, 
Есіңе мені алғайсың!

Тұнжырап тұрған орманға, 
Тұнжырап жалғыз барғанда. 
Мен бар деп мына жалғанда,
Жоқ деген сөзге алданба. 
Есіңе мені алғайсың!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 645 | Добавил: Admin | Дата: 20.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ОЛ ШАҚТЫ ҚАЙТЕМ

Көлшікте, біздің іргеде,
Бақаның хоры басталған.
Күнде де, айлы түнде де,
Сорғалап нүр түр аспаннан.

Қоңыр үй. Тозған. Қазақы, 
Болмайтын онда терезе.
Тозбайтын еді ғажабы,
Шаңырақ, уық, кереге.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 467 | Добавил: Admin | Дата: 20.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

КҮРЕҢ КҮЗ

Қош енді, қош бол, күрең күз! 
Күрең мұң саған жібердім. 
Күлермін деп ем, түнердің,
Білермін, қалай, білермін?!
Күп-күрең менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күз!
Жаз келер және жап-жасыл, 
Жақсылық тағы тілермін,
Жадырап өмір сүрермін,
Қош енді, қош бол, күрең күз!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 676 | Добавил: Admin | Дата: 17.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ЕСІҢДЕ МЕ?

Есіңде ме?
Екеуміз де елде едік.
Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік. 
Ағайынның айтқанына көнбедік, 
Ойлап тұрсам...
Жасаппыз ғой пенделік.

Нені көрдік?!
Не бітіріп, жөндедік?!
Нені сездік?
Нені көрдік, досым-ау?!
Аңсап көрген арманымыз осы ма?!
Елге қайтып кетеді деп шошыма, 
Оралмаймын бір жығылған қосыма!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 525 | Добавил: Admin | Дата: 17.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ҒАШЫҚПЫН!

Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам болмайын. Сол аман ба?
О, тәңірім! Неткен жан қайырылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде, қоладан ба?!

Ғашықпын.Қайтіп оны жасыра алам, 
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын, 
Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 723 | Добавил: Admin | Дата: 16.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ОТЫЗДАН АСЫП БАРАМЫН!

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асым барамын.

Шашымның санап әр ағын,    
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 573 | Добавил: Admin | Дата: 16.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ОҢАЙ СӨЗ ҒОЙ «ОТАНДЫ СҮЙЕМ» ДЕГЕН

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Не тындырдың «басымды иемменен?» 
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой, 
«Отан үшін өлемін, күйем» деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не?
...Егер Отан сыңсыған орман болса,
 Жапырақ боп жармасқын терегіне.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 940 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2016 | Комментарии (0)

ҚЫЗЫҚПА, ҚЫЗ!

Ақын жайлы айтады қызықты аңыз
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер - патша!
Мұжық та - біз...
Түзік те - біз, түнерген бұзық та біз! 
Ақындарға қызықпа,
Қызықпа, қыз!
Шынымен ақын жанын қалайсың ба? 
Шыдайсың ба, шынымен талай сынға? 

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 719 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-51