Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 13.12.2018
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

В категории материалов: 51
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ҮШ БАҚЫТЫМ

Ең бірінші бақытым - Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас журекті тіліммен тілімдедім. 
Кей-кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 963 | Добавил: Admin | Дата: 27.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ШЫДА, ШЫДА

Шыда, шыда,    
Шыдай түс, шыда тағы, 
Шыдамдыны мына өмір ұнатады 
Үміттің Құлан иек құла таңы, 
Әйтеуір бір атады, бір атады...

Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, 
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 2796 | Добавил: Admin | Дата: 27.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ӨМІР ЖАЙЛЫ

Өмір жайлы сұрай берме сен менен 
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. 
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, 
Қан майданнан жалғыз ұлы келмегең.

Жесір келін, бір нәресте көрмеген, 
Жетім шалды бала орнына тербеген. 
Өмір жайлы не түсінем мен деген... 
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 1390 | Добавил: Admin | Дата: 26.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

СҮЙГЕН ЕРІН

Сүйгісі келе берер сүйген ерін, 
Сүй, жаным!
Сүйкімді бір күйге енемін.
Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, 
Ағытшы бешпетіңнің түймелерің?

Сүй, жаным!
Сүйе бергін, кім біледі...
Бір кезде еске аларсың түнді, мені.
...Жалт етіп өте шыққан баяғыда, 
Жастықтың талықсыған бір күні еді.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 570 | Добавил: Admin | Дата: 26.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

МАХАББАТ МОЛАСЫ

Аяқтап болып, махаббат дейтін сапарды,
Қозы мен Баян моласы,міне,атанды.
Қалауын қанша тапқаныменен,қара тас,
Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды.

Басына бардым, қасында тұрмын солардың,
(Қозыдай маңырап, сүймеген, сірә, боламын)
Егіз жүректі екіге бөліп мола тұр,
Тұмсығы үшкіл қанжарындай-ақ Қодардың.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 641 | Добавил: Admin | Дата: 25.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

МАХАББАТ ДИАЛОГЫ

Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 606 | Добавил: Admin | Дата: 25.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

АҢСА, ЖАНЫМ


Мен тілейін.
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсылық орнасын деп жер бетіне. 
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.

Мен аңсаймын.
Сен-дағы аңса жаным:
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын. 
Аңса, жаным,
Зарығып, шарша, жаным,
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың. 
Аңса, жаным!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 543 | Добавил: Admin | Дата: 23.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ЖАНЫМ, СЕН ЖАСЫМАҒЫН

 

Көбейте берме, жаным, шашың ағын, 
Жаным, сен жасымағын, жасымағын! 
Нөсерлетіп, бір сәтте басыламын, 
Шашылады шұғылам, ашыламын.

Ұшқындарын жан-жаққа шашыратқан,
Кездерім бар кей-кейде жасын атқан. 
Қара бұлтқа қара да басымдағы,
Күн шығады деп ойла осы жақтан.

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 570 | Добавил: Admin | Дата: 23.11.2016 | Комментарии (0)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

БАҚЫТЫМ МЕНІҢ АЛЫСТА

Алданбайын арзанқол жұбанышқа, 
Алданып жұбанышқа, құрақ ұшпа!
Қазір менен кашықтап куаныш та, 
Әйтеуір, бір бақытым түр алыста.

Белгісіз жетем бе оған, жетпеймін бе, 
Қалам ба орта жолда жетпей мүлде? 
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста,
Көрем бе, көгерем бе, көктеймін бе?!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 560 | Добавил: Admin | Дата: 22.11.2016 | Комментарии (0)

Бақыт деген өлеңі (Мұқағали Мақатаев) 

 

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

БАҚЫТ ДЕГЕН

 

«Мұгалима бізге бақыт туралы 
шығарма жаздырды. Бақыт деген 
не екенін мен қайдан білейін..»

 

Бақыт деген - сенің бала күндерің, 
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

 

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 1245 | Добавил: Admin | Дата: 22.11.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-51