Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Міржақып Дулатов туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Міржақып Дулатов туралы слайд,презентация

 

 

Ислам діні адамзатты оқуға, имандылыққа, тәртіпке шақырып, әлемдік мәдениеттті, бекіген құндылықтарды меңгеруге шақырушы күш. Сол кездегі ағартушылар ислам дінін қазақты алға сүйрер күш ретінде есептейді.
 М.Дулатұлының ойынша, ислам діні белгілі бір тәртіппен уағыздалса, сонда ғана  қазаққа мол пайда боларын кәміл түсінеді.


Әуелі үйренетін бір ғылымың,
Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың.
Шарттарын исламның кәміл білсең,
Ахиреттік азық берер шын ғылымың.

"Дегенмен "мен мұсылман", іс бітпейді, 
Бұл күнде жұрттың көбі дін күтпейді. 
Қазақша киім киіп, сөйлегенмен, Мойныңнан фарыз, уәжіп бір түспейді

"Қазақтың көп жерінде мешіті жоқ,
 Жоғына себеп болған миссионер поп. 
Екінші, халықтың өзі ықылассыз,
Не ғылып исламға ашылсын ход"?

"Оңбассың бойда жүрсе бұл мінезің,
 Теріс пе насихатым бұл, біл өзің.
 "Әйтеуір, ата-бабам мұсылман",- деп, Дүрмекті қоя-тұғын келді кезің

Я, алла! Ғаламыңды жаратқаның, 
Жүзіне махлұқтарды таратқаның, 
Өндіріп бір адамнан мұнша халық, 
Әлсізді күштілерге қаратқаның. 

Сонда да панаң күшті, құдіретім, 
Жылатпау нашарларды өз міндетің. 
Қашқан да, қуғандағы барар саған, 
Жоқты бар, бар нәрсені жоқ ететін.
Ағартушы ретінде Міржақып өз ұлтының болашағын алыстан болжап, халқымыздың ғұмыр бойы келе жатқан мәдениетінен ажырап қалғысы келмейді. Дін- Ұлттық мәдениет пен  ұлттық тәрбиеге тікелей қатысты екенін тереңнен сезе отырып, өскелең ұрпақты өз өлең жырларында үйретеді. 

 

                               

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (10.03.2015)
Просмотров: 733 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]