Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 22.9.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » Мен осындай баламын балабақшадағы ашық сабақтар
19:05
Мен осындай баламын балабақшадағы ашық сабақтар

Мен осындай баламын

 

15.03. 12   О «а», «б»   тобы   Өзін-өзі  тану
Мақсаты :  « жақсы адам » сөзінің мағынасын түсіндіру.
Міндеттері :      - адам бойындағы  жақсы қасиеттер туралы түсініктерін  бекіту.
                           - жақсы қарым – қатынас дағдыларын дамыту.
                           - өзін құрметтей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады, мына өлең жолдарын қайталайды.
         Кіп – кішкентай болсам да ,
         Мен тәртіпті баламын.
         Үлкенді мен сыйлаймын.
         Бәрін де жақсы көремін. – деп балалар бір – бірімен құшақтасып амандасады.
Әңгімелесу. Мұғалім жақсы адам сөзінің мағынасын ашу мақсатында А. Меңжанованың
« Болайықшы осылай »  өлеңін оқып талдайды.
                    
                              Болайықшы осылай.
                                                                                  А. Меңжанова

                            Жақсы бала еңбекшіл,
                            Ер – азамат болады.
                            Қиындыққа жеңіп кіл,
                            Құшағы гүлге толады.
                            Еңбекшіл осындай,
                            Болайықшы досым – ай!
                            Таза бала мұнтаздай 
                            Сүйсінеді қараған
                            Ұқыпты деп бұл қандай  
                            Жақсы көрер бар адам.
                            Ұқыпты осындай 
                            Болайықшы досым – ай !
* Өлеңдегі бала қандай бала екен?
* Сендер өздеріңді  қандай баламын деп ойлайсыңдар?
* Адамның қандай істері оның жақсы екенін көрсетеді?
* Айналасындағыларға адамдарға көмектесетін адамдарды қайырымды адам деп айта  
аламыз ба? 
*  Қане, есімізге түсірейікші, біз қандай адамгершілік құндылықтарымен таныстық.?
Балалардың жауаптары тыңдалады, мұғалім жауаптарын түйіндейді.
- Балалар, біз сендермен алдыңғы сабақтарда адам бойында кездесетін жақсы
адамгершілік құндылықтармен кеңінен таныстық.. Түрлі шығармалар оқып, ондағы 
кейіпкерлердің бойындағы құнды қасиеттер жайлы әңгімелестік. Үлкенге көмектесіп, 
кішіге қамқор болып, сыйлап, достарына адал болу - әр баланың адамдық міндеті. 
Әдепті, ұқыпты, әдемі, адамгершілігі мол адамдарды жаны сұлу, жақсы адамдар деп 
айтамыз.
Жағдаяттарды талдау.
1.Самат  ертеңгісін  топқа  келгенде  тәрбиешіге,достарына   бір  сөзді  айтуды ұмытып 
   кетті.Ол  қандай  қандай  сөз.
2.  Топтағы     бөлме  гүлдерін суарамыз деп  Айгүл  мен  Айжан   байқаусызда гүлдің   
      бір  бұтасын  сындырып  алды.Ертеңінде   оны  байқаған  апай: «Балалар , мына гүлді 
     кім сындырды ?» - деп  сұрады  
3.  Сәуле   ойыншықтарын   жинап  қойып   еді,Аслан  оны  қайтадан   шашып  тастады.
       Сәуле  мен  Асланды  қандай   балалар  деп  айтуға  болады?
Жағдаяттарды талқылап болған соң мұғалім қорытындылайды.

- Адал, шыншыл, қайырымды, тілалғыш адам ғана қайырымды жақсы істер жасай алады. 
Олар ешкімді алдамайды. Қайырымды, жақсы істер жасасаң, өзіңе жақсылық болады. 
Қайырымды болсаң ғана  жеңіске жетіп, жақсы адам боласың. Өзіміздің де бойымызда  
адамгершілік құндылықтардың бар екеніне көзіміз жетті. Осындай адамгершілігі  мол, 
жақсы азамат болайық..

Сергіту сәті.
  Мен жақсы баламын.  ( Жайлап отырып ақырындап айтады ) 
  Мен өте жақсы баламын ( Біртіндеп тұрып сөзді қаттырақ айтады.)
  Мен нағыз жақсы баламын. ( Орнынан тұрып, қатты дауыспен айтады,)
  Өте жақсы. Енді бәрін керісінше айтып қарайық. « Мен нағыз жақсы баламын, Мен
 өте жақсы баламын, Мен жақсы баламын » деп ақырын дауыстап айтады. 
 
  Дәйексөз.  Мұғалім балаларға  « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.» нақыл сөзін 
сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
  - Бала айналасындағыларға, отбасындағы адамдарға , достарына қарап өседі. Олардың 
жасаған әрбір  әрекетіне өзінше баға береді. Жақсы немесе жаман екенін айырады. 
Өмірде жақсы азамат болып өсу  үшін әр бала айналасындағылардан тек жақсы 
қылықтарды  үйреніп, жаман әрекеттерден аулақ болуы керек екенін айтып түсіндіреді.
Шығармашылық жұмыс.
Балалар  жақсылық жасап тұрған фотосуреттерін немесе салған суреттерін алдын ала 
алғызып, қолдануға болады. Мұғалім оны барлық оқушыларға көрсетеді. Балалар сол 
суреттердің ішінен өздері « мен осындай болсам екен » деген суреттерді таңдап алады. 
Дайын тұрған күннің шуақтарына жапсырады. Әр бала әңгіме барысында бұл баланы 
неліктен « жақсы адам » деп ойлайтынын айтып береді.
Ғажайып сөз 
* Мен жақсы баламын
* Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 
Қорытындылау.
 - Жақсы бала  деген атқа лайық болу үшін біз ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, 
қайырымды, адал, еңбекқор, әдепті болуымыз керек. Тек сонда ғана сендер  осындай 
жақсы қасиеттеріңмен айналаңдағыларға сыйлы, сүйкімді бола аласыңдар. Біз жүрегі 
жұмсақ, қамқор балалар ғана осындай жақсы азамат болып өсетінін білдік.
Жүректен жүрекке.
 Балалар шеңберге тұрып құшақтасып, бір – біріне жасаған қамқорлығы, сыйлаған 
қуанышы үшін алғыстарын білдіреді. Мысалы: Ойыншығыңды бөліскенің үшін рахмет! 
Көмектескенің үшін рахмет

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 483 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]