Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.7.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 28 » Мен көшеде келемін балабақшадағы тәрбие сағаты
22:55
Мен көшеде келемін балабақшадағы тәрбие сағаты

Мен  көшеде  келемін

 

БҚО, Қаратөбе ауданы.Алакөл ауылының
«Балдырған» шағын орталық 
тәрбиешісі Шонаева Г.Н.


17.04.2014ж    Технологиялық  картасы
Білім беру саласы :  Қатынас, Шығаармашылық
Бөлімдері : Қоршаған  ортамен  таныстыру, сурет  салу    
Тақырыбы :  « Мен  көшеде  келемін»
Мақсаты :   Жолда  жүру ережелері  туралы мағлұмат  беру. Көше  қиылысы, бағдаршам,жол  белгілері , қоғамдық  көліктегі  тәртіп  ережелері туралы  білімдерін  бекіту,баланы зейінді,епті  болуға  тәрбиелеу.
Билигвалдық компоненті :  Бағдаршам-светафор.жол  белгісі – дорожный знак.
Тәсілдер кезендері             Тәрбиешінің  іс - әрекеттері    Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық  - қозғаушы

Ұйымдастырушылық – ізденушілік.

Ұйымдастыру  кезеңі.
Шаттық  шеңбері
Біз  қандаймыз,қандаймыз.
     Шұғылалы  таңдаймыз.  
     Күлімдеген  күндейміз,
     Ренжуді  білмейміз.
     Қуанамын менде,
     Қуанасың  сенде.
     Қуанайық  достарым,
     Арайлап  атқан  күнге.
- Жарайсындар балалар!
Алақан  жылуы  арқылы  сезіне   тұрып жеткізейік.
-    Еліміз тыныш болсын.
-    Деніміз сау болсын.
-    Бәріміз дос болайық.
-    Нанымыз көп болсын.
-    Бақытты болайық.
-  Бірлігіміз жарассын .
Жол  белгілерін  есте  сақтайық
Ескерту  белгілері – үшбұрыш, қызыл  бояумен  көмкерілген  бұл  белгілер  жол  бойында  жайсыз,  қауіпті  жерлер  бар  дегенді  білдіреді.
Тыйым  салу  белгілері – дөңгелек  шеңбер  түрінде  қызыл  бояумен  беріледі. Ол қозғалыс,атаулының  бәріне  тыйым  салады.
Көрсеткіш  белгілер  - дөңгелек  шеңбермен  беріліп, көк  бояумен  көмкерілген. Бұл  белгілер  көліктің  жүретін  бағытын, жаяу  адамдардың жүруіне  болады  дегенді  білдіреді.

Ойын: «Бағдаршам»
Жүргізуші  жасыл түсті  көрсеткенде  балалар  жүреді, сарыны  көрсеткенде  алақандарын  соғады, қызыл  түсті  көрсеткенде  тыныштық  сақталады. МАЙ  қызметкері  балаларға  жол  белгілері  туралы  түсінік  береді.Балаларға  алдын – ала  дайындалған жасыл ,сары, қызыл  түстерді  көрсету.Ақ жолақтың  қасында  тұрып жол  сілтеу.Бұл  белгілердің арнайы  жарқырап  тұратын, белгілердің  тиімділігі  - жол  бойының  нағыз  хабарландырушысы  екендігінде.  
    Сергіту  сәті.

Жұмбақтар  шешу, тақпақтар  айтқызу.

“Өнер” орталығына  келіп  қалдық.Автобустан  түсейік.

Альбоммен  жұмыс.
 Бағдаршамды   бояу.
«Бағдаршам» сергіту  сәті.

«Үндемес » ойыны.    

Бір-біріне  тілектер  айтады.

Толғанай :
. Жол  қиылысында аса  абай  бол.
. Көшеден  тек  жаяу  адамдар  өтпелері  бойынша  жүр.
. көшелер  мен  жолдарда шана  мен  арбамен  ойнама.

Сергіту  сәті.
“ Машина”
Бип-бип, бип – бип –дейді.
Жолдан  былай  кет  дейді. Күшікті  басуға, басуға. Болмайды ,болмайды  машина.
Нұрайна :
Көше  бойлап  аяңдайды,
Адам  тасып аялдайды./Автобус/
Самал:
Оңғада  бұрылады, Солғада бұрылады.
Жол тәртібін  
Реттеп  тұрады./бағдаршам/
Саламат:
Қырдан – қырға алғасады,
Барған  сайын  алға  асады./жол/
Алдияр:
Көздерін  ашып – жұмып  тұрады,
Жол тәртібін  реттеп тұрады./бағдаршам/
Еркенұр:
Көшеде  жүреді кішкентай  үйлер,
Сол үйлерді жүргізушілер жүргізер./Машина/

Бағдаршам мен жолдың  суретін  карандашпен  бояу.

Рефлексивті коррекциялаушы

    Ой  балалар  жарайсыңдар!
Ұйымдастырылған  оқу  іс – әрекетіне жақсы  қатысқан  балаларды  мадақтау.
Бағдаршам  түсіндей  жұлдызша, төртбұрыш беру.
-Сау  болыңыздар!    
Күтілетін нәтеже :
Білуі :  Жол  қиылысында  аса  абай  бол. 
Меңгеруі : Жол  белгілері  бірнеше  топқа бөлінетінін меңгере  алады. 
Жасай алуы : Бағдаршаммен жолдың  суретін  салу.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 197 | Добавил: oldtraford7 | Теги: тәрбие сағаты, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]