Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 22.7.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 28 » Менің отбасым балабақшадағы ашық сабақтар
22:53
Менің отбасым балабақшадағы ашық сабақтар

 Менің отбасым

 

Тексерілді:                                                                                                                        
Балабақша әдіскері: У.Е. Тлюупова.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №1
Уақыты: 04.09.15     
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы 
Білім беру саласы: “Таным”
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты:
а)Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру.
ә)Сөйлем құрап айтуға,дыбыстарды анық,таза жеткізе білуге дағдыландыру.                                                                                       
б)Отбасында үлкендерді сыйлап,кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала  жүргізілетін жұмыстар: Балалармен отбасы туралы әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен  құралдар: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.
Билингвалдық компонент: ата-дедушка,әже-бабушка,папа-отец,мама-мать,апа-сестра,аға-брат, іні-братишка,сіңлі-сестренка.
Іс-әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    Балаларды шеңберге тұрғызып:
Ә.Қонарбаевтың «Бала-бала, балақан»әні орындалады.
Бала-бала, балақан
Кәне қайсы алақан,
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат,-деп,сәйкес қимылдар жасайды.    Балалар  шеңберге тұрып,қуана қимыл-қозғалыстар жасайды. Өлеңді тәрбиешімен қайталайды.


Іздену-ұйымдас тырушы     1.Әңгіме жүргізу:
-Балалар,біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?
-Иә,біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды.
Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ-отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын,кіші болсын өз үйін жақсы көреді,себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы-дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке,ана,және олардың балалары.Отбасының болуы-үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы-ол бақыт,
Отбасы-ол ата-ана,
Отбасы-туыстарымыз,
Отбасы-ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар ата,апа,әке, ана,әпке,аға,іні,қарындас т.б.
2.Сергіту сәті:
Бас бармағым -атам,
Балалы үйрек – әжем,
Ортан терек -  әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – мен.
Міне, менің барлық отбасым.
3.Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу. 
-Мына отбасында ата,әже бар екен,балалар тағы кім бар?
-Төрде кім отыр?
-Дұрыс айтасың.Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.
-Шайды кім құйып беріп отыр?
-Барлығымыздың үйімізде анамыз,әкеміз атамыз бен әжеміз бар ғой?
4.Үлестірмелі материалмен жұмыс. 
«Менің отбасым»
Берілген суреттің ішінен (анасын)отбасы мүшесін табу.
-Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз. Жол береміз. 
Үлкенге ізет,кішіге қамқорлық көрсетеміз.
5.Ойын: «Кім тез табады?»
Шарты: Текшеден отбасы мүшелерінің суреттерін көрсету.
Билингвалдық компонент: ата-дедушка, әже-бабушка,папа-отец,мама-мать,апа-сестра,аға-брат, іні-братишка,сіңлі-сестренка.    Балалар жауап беруге тырысады.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. 

Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.

Балалар тәрбиешімен бірге орындайды.
-Анасы,әкесі,аға,апасы бар екен.
-Отбасы мүшелері жиналып шәй ішіп отыр.
-Ата отыр.
-Анасы шәй құйып беріп отыр.

Балалар өз ойларын айтады.
Балалар бірге қайталап айтады.
Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды.
Қайталайды:ата-дедушка,әже-бабушка, папа-отец,мама-мать, апа-сестра,аға-брат, іні-братишка,сіңлі-сестренка.
Рефлексивті коррекциа лаушы    Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып,үйренгендерін пысықтайды.    Отбасы және оның мүшелерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:отбасы мүшелерінің туысқандық қарым-қатынасын түсініп,бір-біріне қамқор болу керектігін біледі.
Қандай түсініктерді игерді:отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіне тиесілі міндеттерді игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:отбасындағы адамгершілік,әдептілік нормаларын сақтай білуді меңгереді

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 210 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]