Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 27.7.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 30 » Мен еңбекқор баламын балабақшадағы ашық сабақтар
21:59
Мен еңбекқор баламын балабақшадағы ашық сабақтар

Мен еңбекқор баламын

 

БСабақтың  тақырыбы : Мен еңбекқор баламын 
Мақсаты :
                   Білімділігі : балаларға еңбек , еңбексүйгіштік туралы түсінік беру. 
                    Дамытушылығы : еңбек ету дағдыларын дамыту .
                     Тәрбиешілігі : еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Шаттық шеңбері 
Педагог балалармен бірге А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.
                         Жақсы бала еңбекшіл, 
                          Ер азамат болады.    
                          Қиындықты жеңіп кіл,
                          Құшағы гүлге толады. 
                          Еңбекшіл осындай
                          Болайықшы, досым-ай.
Әңгімелесу 
Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?
Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер? 
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды.
Әр бала кішкентай болса да, ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, топтғы апайларына        көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек. 
Киімдерді реттеп қою,ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т.б. жұмыстар, жағымды іс-әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал  осының бәрін орындайтын баланы еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адами жас кезінен еңбекқор,тілалғыш,ұқыпты болса, ондай  балалрды бәрі жақсы көреді, сылайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді.Еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал. 
  Әңгімелесу
Педагог балаларға «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында М.Т өрежановтың «Ертеңге қалдыруға ьола ма?» атты әңгімесін оқып,талдайды.
                                     Ертеңге қалдыруға бола ма? 
                                                                                                               М.Төрежанов
  Қалима апай жұмыстан келгенде,қызы ойыншықтарымен ойнап отырған-ды. Шешесі күндегі әдетінше киімдерін аустырып, үй жұмысына кірісіп кетті. Үйді сыпырып, еден жуып жүріп:
    -Қадиша,гүлдерге су құймағансың ба?-деп сұрайды.  
    -Апа,гүлдерге суды ертең құямын ғой.
    -Анасы еденді жуып болып, терезенің шаңын сүрте бастайды. 
    -Қадиша,ойнаған қуыршақтарыңды неге жинап қоймадың, реттей салсаңшы...-деді қызына. 
   -Апа,қуыршактарымды ертең жинармын. Жарай ма? Қалима көйлек-көншек тәрізді жеңіл заттарды жууға ыңғайланып;
   -Қадиша,дүкенге барып,кір  сабын әкеле қойшы,-деді. 
    -Апа,мына көйлегімді жуа салшы,-деді.
   -Қадиша ертең де кір жуамын,сонда бірге жуармын көйлегіңді. 
  Біраздан кейін Қадиша шешесінің жанына келіп; 
     -Апа тамақ істемеисің бе?Қарным ашып кетті,-деді. 
     -Тамақты да ертең істеимін.
     -Апа,теледидир қойып беріңізші, кино көрейін деп едім,-деді Қадиша біраздан кейін.
    -Киноны да ертең қарарсың. Ертең де күн бар. Қадиша:
    -Бәрін де ертең-ертең дейсің,бүгін тамақ ішпеуім,теледидир көрмеуім керек пе?-деп жылап жіберді. 
    -Неге жылайсың?-деді шешесі. Бүгін істейтіннің бәрін ертеңге қалдырып, ертең-ертең дегенді шығарған өзің емес пе? Сенен үйреніп,мен де ертеңге сілтеп отырмын. Әтпесе,бүгін-ақ тындырып тастауға болатын істі ертеңге қалдырудың не қажеті бар? 
  Қадиша қарақат көздерін бір нүктеге қадап, ойланып қалды. Шынында да шешесінің айтқаны орынды екен-ау. 
      Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады?
     Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді, әке-аналарыңды,бір нүктеге қадап, ойланып қалды. Шынында да шешесінің айтқаны орынды екен-ау. 
      Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады?
     Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді, әке-аналарыңды,аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма?
   Балалардың жауаптары тыңдалып,педагог төмендегідей қорытындылайды.  
Ата-аналарынның,үлкендердің айтқан сөзін тыңдап, берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын балаларды еңбекқор,еңбексүйгіш деп атайды. Қадиша сияқты анасының сөзіне құлақ аспай, айтқанын уақытында орындамайтын,аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма?
   Балалардың жауаптары тыңдалып,педагог төмендегідей қорытындылайды.  
Ата-аналарынның,үлкендердің айтқан сөзін тыңдап, берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын балаларды еңбекқор,еңбексүйгіш деп атайды. Қадиша сияқты анасының сөзіне құлақ аспай, айтқанын уақытында орындамайтын,аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма?
   Балалардың жауаптары тыңдалып,педагог төмендегідей қорытындылайды.  
Ата-аналарынның,үлкендердің айтқан сөзін тыңдап, берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын балаларды еңбекқор,еңбексүйгіш деп атайды. Қадиша сияқты анасының сөзіне құлақ аспай, айтқанын уақытында орындамайтын, көмектеспетін,жұмыс істегісі келмейтін балаларды жалқау, тіл алмайтын бала деп айтуға болады. Бірақ Қадиша да өз қатесін түсініп, Мақұлжан сияқты тілалғыш,еңбекқор бала болатын шығар.
    Ойын. «Мен еңбекқор баламын». 
  Балалар дөңгелене тұрып,ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып,допты балаға лақтырады.
   Мен ойыншықтарымды жинаймын. 
   Мен гүлдерге су құямын.
   Мен киімдерді реттеймін.
   Мен есіктің алдын сыпырамын
   Мен ыдыстарды жуамын.
 Мен үйді реттеимін.
  Мен еден жуамын,т.б.
  Шығармашылық жұмыс «Еңбек ер атандырады».
Педагог балалармен үйлерінен әкелген заттарды қарап, ата-аналарының, отбасы мүшелерінің қандай және қайда жұмыс істейтіндіктері жайлы әңгімелеседі. 
  Балалар алғыс хаттар,құрмет грамоталар,медальдар мен ордендер ата-аналарына,туған-туыстарына не үшін берілгені туралы айтып,сол заттардан альбом, газет немесе стенд жасап, «Еңбек ер атандырады» атты көрме ұйымдастырады.
 Осы жобаға отбасы мүшелерін қатыстыруға болады. 
  Дәйексөз
Педагог балаларға «Еңбек ер атандырады» деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
 Адамды жақсы оқығаны, спорт жетістіктері,сіңірген еңбегіне қарай ел бағалайды. Еңбек-адамның атақ-даңқын шығарады. Бүкіл елге танымал етеді. Еңбек еткен адам елдің алғысына бқленеді. Еңбектенген адамды жеңісті,қуанышты болады. Сондықтан халық «Еңбек ер атандырады» деп айтады.
 Дәптермен жұмыс Балалар дәптерде берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырып,бояды.
   Сергіту сәті    Өлең мазмұнына сәйкес қймыл-қозғалыстар жасалады.
                        Мынау-менің жүрегім,
                        Бәрі осыдан басталған.
                        Мынау-басым ақылды, 
                        Бәрін осы атқарған.
                        Мынау-менің оң қолым,
                        Мынау-менің сол қолым,
                        Барлық істі атқарған.
Венн диограммасы : Жақсы , жаман ойыны .
Жақсы мен жаман істер жасап жатқан суреттер 2 шеңберге жазылады

Ғажайып сөздер
Жақсы бала еңбекқор,тілағаш,ұқыпты.
Еңбек адамға қуаныш сыйлайды,жақсы еңбегі үшін ел бағалайды .

Қорытындылау.
Балалар біз бүгін сабағымызда ата – анамыздың айтқанын тыңдап , бұлжытпай орындап ,тілалғыш , ұқыпты , еңбексүйгіш бала болуды үйрендік . Еңбек етудің қуаныш екенін , еңбектің бізді бірлікке , достыққа , жақсылыққа жетелейтінін білдік .
Жүректен жүрекке .
Балалар шеңбер бойына тұрып Н.Жанаевтың Еңбек өлеңін педагогпен бірге қайталайды . 
            Гүл өсірсең терлеп ,
            Мұның аты - еңбек 
            Кесте тіксең зерлеп,
            Мұның аты – еңбек
            Қырға шықсаң өрлеп,
            Мұның аты – еңбек
            Қиындықтың бәрін 
            Еңбек қана жеңбек. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 313 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]