Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

МЕН-ДАҒЫ ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙМЫН

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін, 
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, 
Жаралы жүректерді емдеу үшін.

Ермек үшін белгілі жырламасым,
Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын. 
Өтсем болды арқалап адамдардың 
Қуанышын, шаттығын, мұң-наласын.

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін - құлқынды жемдеу үшін, 
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін. 
«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» 
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (03.12.2016)
Просмотров: 272 | Теги: Мұқағали, өлең, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]