Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 24.11.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Мен сені сағынғанда өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

МЕН СЕНІ САҒЫНҒАНДА

Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарға. 
Қарсы қарап жүземін ағындарға, 
Кеудемде қимылдаған жаным барда.
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.

Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап,
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық, Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.

Тәкаппар ек, өрлікке бола туған,
Жет тездеп, Дауыл тұрғыз қанатыңнан.
Сен - мендік, мен - сендікпін, ана-қыран,
Қыранбыз, қырандардан жаратылған!

Сағыныштың сағымын жамылғанда, 
Қарамай қара нөсер қағынғанға, 
Саған ұшам,
Қалмайды сабыр жанда,
Мен сені сағынғанда, сағынғанда...


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (02.12.2016)
Просмотров: 306 | Теги: Мен, Мұқағали, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]