Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 4 » Майғазиев NINETY ONE продюсеріне: Қазақтың қара домалақтарын құбыжық қылып көрсетуді доғар
20:53
Майғазиев NINETY ONE продюсеріне: Қазақтың қара домалақтарын құбыжық қылып көрсетуді доғар

Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобының жетекшісі Ерболат Беделханға әлеуметтік желіде сын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сәкен Майғазиевтің Іnstagram желісіндегі жеке парақшасына сілтеме жасап.

Ол өзінің парақшасында былай деп жазды: 

Халықтың наразылығын тудырып жүрген нәрсе - сыртқы келбеті, яғни көздерін қара қаламмен бояуы, шаштарын қызыл-жасылға бояуы және сырға тағуы. 
Бұл әлдеқашан дәлелденген "диагноз". Айнаға қарап көзін бояп, сырға тағып отырған (елестетіңізші) еркек отанын, отбасын, жұбайын қорғайды дегенге өз басым сенбеймін. Барған жерлерінде концерт қоя алмай кету әншіге де, көрерменге де үлкен соққы. Ерболат бауырым, тыңдармандарыңды (ИГЛЗ (eaglez) аясаң етті! Бауырларымыз бес батпан бояусыз-ақ бойжеткедерімізді баурай біледі ғой. Түсінем, әр заманның киім үлгісі болады (кең, тар киімдер). Жігіттер онсыз да сәнді (стильно) киінеді ғой. Жұртшылыққа жігіттердің сәл ғана жинақталғаны (сдержанно) жеткілікті. ҚАЗАҚтай дана xалықпен санасу саналылық деп білем. ҚАЗАҚтың қара домалақтарын құбыжық қылып көрсетуді доғар да, концерттеріңді кез-келген қалада қоя бер. Халық сұраса xан түйесін сояды деген. Соңғы кездері балаларды уайымдайтынды шығардым, "намысты жігіттер сабап тастар ма екен..." деп.


Осыған дейін, Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобының жақсы қасиеттері көп екенін айта келіп, олар туралы тоғыз пікірден тұратын пост жазғанын айтып өтті. "Бірінші, ана тілінде ғана сөйлеп, сұхбат беріп, ән шырқап, қазақ тілін дәріптеп жүрген талантты жігіттер. Екінші, өз бағытының шебер орындаушылары. Үшінші, өте жақсы вокалистер, диапазондары кең, милизматиканы мықты меңгерген, тембрлері тамаша, тағысын тағы. Төртінші, керемет рэп орындаушылары. Рэп - ритмикалық америкалық поэзия. Ал бізде бұл айтыс, жыр, суырып-салма өнері", - деп санамалады әртіс.

Ал бесінші себебі деп Майғазиев жігіттердің сабырлы әрі байсалды қасиеттерін атады. "Оларға бағыттап, балағаттап, бейпіл сөздер айтылса да, боқтай білмейтін байсалды балалар. Мен өнер адамы болғаннан кейін оларды зерттедім, қарадым. Олар психология тұрғысында қандай да сынға дайын болды. Алтыншы, олар - еңбекқор. Кәсіби сахнаға шығу жолында екі жыл дайындалды. Жетінші, сахналық би қимылдары кәсіби, синхронды қимылдайды, сахнадағы еркіндігі өте керемет. Сахнадағы жұмысын Интернеттен тамашаладым. Өзім ұстаз болғаннан кейін аттандай бермей, қарап көрейін, зерттейін дедім. Сегізіншісі, Қазақстан эстрадасында үлкен пікірталас, сын-ескертулер, дау туғызған, былайша айтқанда "Атың шықпаса, жер өрте" деген мысалына "амал" жасап жүрген алғашқы топ", - деді Сәкен Майғазиев. 

Ал соңғы, тоғызыншы қасиеті деп әнші топтың қайырымдылықпен үнемі айналысатынын айтып, өз ойын осылайша қорытындылады.

Источник: Tengrinews.kz


Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Просмотров: 119 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]