Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.7.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Махаббат моласы өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

МАХАББАТ МОЛАСЫ

Аяқтап болып, махаббат дейтін сапарды,
Қозы мен Баян моласы,міне,атанды.
Қалауын қанша тапқаныменен,қара тас,
Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды.

Басына бардым, қасында тұрмын солардың,
(Қозыдай маңырап, сүймеген, сірә, боламын)
Егіз жүректі екіге бөліп мола тұр,
Тұмсығы үшкіл қанжарындай-ақ Қодардың.

Төрт жанардың да тауысып түгел көлдерін,
Төрт бұлақтарынан төге де жүріп селдерін.
Ескерткіш етіп, қос ана тастап кеткен бе?! 
Аялап жатқан Аякөз сынды белбеуін.

Жол түсіп, ұрпақ, Таңсыққа барсаң тегінде,
Бір соқпай кетпе күмбезге сонау көрінген. 
Қазақтың осынау касқайып тұрган төрінде,
Бабаларының махаббаттары көмілген...


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (25.11.2016)
Просмотров: 238 | Теги: махаббат, Мұқағали, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]